Без рубрики

Іле ауданында «Құрмет» орденінің иегері Гүлшат Тутова дауыс берді

«Құрмет» орденінің иегері Іле ауданындағы №1062 сайлау учаскесінде дауыс берді.

Бүгін, 23 тамызда, театр және кино актрисасы Гүлшат Тутова Іле ауданының Өтеген батыр ауылындағы №1062 сайлау учаскесіне келіп, Құрылтай депутаттарының сайлауына қатысты.

Өнер иесін таныған тұрғындар онымен жылы амандасып, естелік суретке түсті. Актриса дауыс бергеннен кейін жерлестерімен тілдесіп, ізгі тілектеріне алғыс айтты.

«Қарапайым кездесулер ерекше әсер қалдырады»

— Көрермендермен көбіне театрда, түсірілім алаңында немесе шығармашылық кездесулерде жүздесеміз. Ал бүгін мүлде басқа жағдайда кездесіп отырмыз. Танып, амандасып, жылы сөздерін айтып жатқан жерлестеріме рақмет. Осындай қарапайым кездесулердің өзі ерекше әсер қалдырады, — деді Гүлшат Тутова.

Гүлшат Тутова театр және кино саласында ұзақ жылдар еңбек етіп келеді. Оның мәдениет саласына қосқан үлесі мемлекеттік «Құрмет» орденімен бағаланған.

Related Posts

Без рубрики

Қонаевта 92 жастағы кейуана үйден дауыс берді

Қонаев қаласының тұрғыны Ұлжан Дәрібаева 1934 жылы тамыз айының 22 жұлдызында дүниеге келген. Күні кеше туған күнін тойлаған кейуана бүгін үйінен таңдау жасап, Құрылтай сайлауында белсенділік танытты. «Біз ҰОС кезеңін