Без рубрики

Ақшидың атын әлемге танытқан кәсіпкер Іле ауданында дауыс берді

Белгілі кәсіпкер өзі ширек ғасырға жуық еңбек етіп келе жатқан ауданда таңдауын жасады

23 тамызда «Дәулет-Бекет» түйе шаруашылығының негізін қалаушы Сыдық Дәулетов Іле ауданында Құрылтай депутаттарының сайлауына қатысып, дауыс берді, деп хабарлайды Halyqmedia.kz.

Кәсіпкердің Іле ауданымен байланысы 2001 жылдан басталады. Дәл сол жылы Ақши ауылында «Дәулет-Бекет» шаруашылығы құрылды. Бірнеше түйеден басталған кәсіп жылдар өте ірі шаруашылыққа айналып, бүгінде мұнда бес мыңға жуық түйе өсіріледі.

2025 жылы Іле ауданында ұйымдастырылған ауқымды түйе керуені Гиннестің рекордтар кітабына енді. Бұл оқиға қазақтың дәстүрлі түйе шаруашылығына көпшіліктің назарын аударды.

«Ауылдың берекесі – еңбекте»

Дауыс бергеннен кейін Сыдық Дәулетов ауыл тұрғындарымен тілдесіп, өзі ширек ғасырға жуық еңбек етіп келе жатқан Ақши ауылы туралы айтты.

— Менің тірлігім де, кәсібім де осы ауылмен байланысты. Осында шаруашылықты бастадық, осында өсіп-өндік. Ауылдың берекесі — еңбекте. Мал шаруашылығын сақтап, оны заманға сай дамыту маңызды. Ақшидың өсіп-өркендеп, елдің амандығы мен тыныштығы арта беруін тілеймін, — деді Сыдық Дәулетов.

Бүгінде «Дәулет-Бекет» атауы Ақши ауылымен қатар аталады. Бірнеше түйеден басталған шаруашылықтың бес мың басқа дейін өскен жолы да осы Іле ауданында қалыптасты.

Related Posts