Без рубрики

«Аспаннан – сайлау учаскесіне»: Іле ауданында парашютші дауыс беруге ерекше жолмен келді

1700-ден астам секіру жасаған Тимофей Меркулов Құрылтай сайлауы күні парашютпен сайлау учаскесінің маңына қонды.

Іле ауданындағы сайлау учаскелерінің бірінде тұрғындар күтпеген көрініске куә болды. Аспанда пайда болған парашютші жерге қонған соң сайлау учаскесіне барып, өз таңдауын жасады.

Парашютпен секірген – запастағы офицер, парашюттік даярлық буынының командирі әрі тандем-нұсқаушы Тимофей Меркулов.

Оның еншісінде түрлі парашютпен жасалған 1700-ден астам секіру бар. Ол бұған дейін Мысырдағы пирамидалар маңына қонған алғашқы қазақстандық спортшы атанып, Эльбрусқа парашютпен секірген. Сондай-ақ АҚШ-та өткен халықаралық 100-way формациясына қатысқан.

«Жақында өңірде “Байсерке аспаны” авиациялық фестивалі өтті. Ол авиация мен парашют спортына деген қызығушылықтың жоғары екенін тағы бір көрсетті. Бүгін осы тақырыпты ерекше форматта жалғастырып, сайлау учаскесінің маңына секіруді ұйғардық. Осы арқылы авиацияға, парашют спортына және еліміз үшін маңызды оқиға Құрылтай сайлауына назар аударғымыз келді. Мен үшін дауыс беруге қатысу азаматтық міндет. Әр адам өз таңдауын өзі жасайды және сол үшін жауап береді», – деді ол.

Тосын көріністі сайлауға келген тұрғындар телефонға түсіріп, парашютшінің қонуын тамашалады. Осылайша Іле ауданындағы дауыс беру күні ерекше авиациялық акциямен де есте қалды.

Related Posts

Без рубрики

Ерлан Қарин Құрылтай сайлауында дауыс берді

Дауыс беру рәсімінен кейін Ерлан Қарин бұл сайлаудың ел тарихындағы маңызды саяси оқиға екенін атап өтті, деп хабарлайды Alatau24.kz kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап. – Бұл жолғы сайлауды шын мәнінде тарихи оқиға