Без рубрики

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Құрылтай депутаттарын сайлауда дауыс берді

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Қонаев қаласындағы №949 сайлау учаскесінде дауыс берді. Өңір басшысы өз таңдауын жасаған соң, журналистерге сайлау барысы туралы айтып берді.

«Бүгін – еліміз үшін маңызды саяси күн. Мен де Алматы облысының тұрғыны әрі Қазақстан азаматы ретінде тіркелген сайлау учаскеме келіп, өз таңдауымды жасадым. Жалпы біздің өңірде миллионнан астам азамат дауыс беруге құқылы. Бүгін облыста 683 сайлау учаскесі жұмыс істеуде. Сайлаушыларға қажетті жағдайдың бәрі жасалған», – деді Алматы облысының әкімі.

Сондай-ақ ол бүгінгі сайлау нәтижелері еліміздің одан әрі дамуына оң әсер ететініне сенім білдірді. Бұл өзгерістер Қазақстан үшін жаңа әрі маңызды кезең екеніне тоқталды.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз Жолдауында бұл сайлау ұлт тағдырына тікелей әсер ететін тарихи оқиға екенін атап өтті. Саяси шара қоғамдық диалогты жаңа деңгейге көтеріп, еліміздің болашағын бірге айқындауға мүмкіндік береді»,– деді өңір басшысы.

Айта кетейік, бүгін сағат 07:00-ден бастап Алматы облысында 683 сайлау учаскесі жұмысын бастады. Сайлау барысын отандық және халықаралық байқаушылар бақылап отыр.

Related Posts

Без рубрики

Қонаевта 18 жастағы тұрғын алғаш рет сайлауда дауыс берді

Қонаев қаласындағы №949 сайлау учаскесіне бүгін алғаш рет дауыс беруге келген жастардың бірі − 18 жастағы Ізбасар Аяжан Сәкенқызы. Аяжан 2008 жылғы 1 мамырда дүниеге келген. Қазір П.Чайковский атындағы Алматы
Без рубрики

Құрылтай сайлауы қағаз бетінде: Қонаев суретшісі тарихи күнді бейнеледі

Қонаевта Құрылтай сайлауының тарихы қағаз бетіне түсті. «Асыл» өнер мектебінің ұстазы, суретші Мақпал Атагельдиева шәкіртімен бірге ел тарихындағы алғашқы Құрылтай сайлауының өту барысын сурет арқылы бейнеледі. Суретші №949 сайлау учаскесіне