23 тамызда Іле ауданының Боралдай кентіндегі №345 сайлау учаскесіне Байкутовтар отбасы толық құрамда келіп, Құрылтай депутаттарының сайлауында өз таңдауын жасады.
Сайлау учаскесіне бір отбасының мүшелері бірге келіп, белгіленген тәртіппен дауыс берді. Байкутовтар үшін бұл күн азаматтық таңдау ғана емес, бүкіл отбасы бірге қатысқан ерекше сәтке айналды.
Боралдайдағы №345 учаскеде бүгін тұрғындар жеке ғана емес, отбасыларымен де келіп дауыс беріп жатыр. Байкутовтар әулеті де солардың қатарында.




