Бүгін, 23 тамызда, Іле ауданындағы №995 сайлау учаскесіне ерекше образдағы жас жұбайлар келді. Ақниет Абдыкадиров пен Динара Ибадуллаева Құрылтай депутаттарының сайлауында «Зверополис» мультфильмінің басты кейіпкерлері – Джуди Хопс пен Ник Уайлдтың бейнесінде дауыс берді.
Динара қоян-полицей Джуди Хопстың, ал Ақниет айлакер түлкі Ник Уайлдтың образын таңдаған. Танымал кейіпкерлерді бірден таныған тұрғындар жас жұбайлармен естелік суретке түсті.
Алғашқы ортақ сайлауды ерекше өткізгісі келген
Ақниет пен Динара үшін бұл – отбасы құрғаннан кейін бірге қатысқан алғашқы сайлау. Сондықтан олар осы күнді ерекше форматта есте қалдыруды жөн көрген.
«Құрылтай сайлауы – еліміз үшін маңызды қоғамдық-саяси оқиға. Ал біз үшін бұл – отбасы болғаннан кейінгі алғашқы ортақ сайлау. Сондықтан осы күнді есте қаларлықтай өткізгіміз келіп, «Зверополис» кейіпкерлерінің образын таңдадық. Бұл сәт отбасылық тарихымызда ерекше естелік болып қалсын дедік», – дейді жас жұбайлар.
№995 сайлау учаскесіне Джуди мен Никтің образында келген жұп көпшіліктің назарын аударды. Ал Ақниет пен Динара үшін бұл күн алғашқы отбасылық таңдауы ретінде есте қалмақ.




