Жетісу облысыҚоғам

Өткен жылы Жетісу облысында 57 еңбек құқығын бұзушылық анықталды

Жетісу  облысының  азаматтарының  шағымдары бойынша  өткен  жылы  облыстық Еңбек инспекциясы бойынша басқармасы 60 тексеру жүргізді. Нәтижесінде 57 бұзушылық анықталды. Белгілі болғандай, негізінен еңбек бұзылыстары  білім  беру,  денсаулық сақтау  және құрылыс саласында орын алған. Бұл туралы Мемлекеттік еңбек инспекторы Еркін Дәулетұлы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында мәлімдеді.
«2023 жылы ұйымдардың 34 басшысы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Салынған айыппұл сомасы 5 млн. теңге. Еңбек инспекторлары облыстық прокуратурамен және аудан, қала әкімдіктерімен бірлесіп 15 кәсіпорында 214 млн. теңге сомаға жалақы бойынша берешекті анықтады. Қабылданған ықпал ету шараларының нәтижесінде облыстың 849 қызметкерінің берешегі өтеліп,  құқықтары қорғалды», — деп атап өтті спикер.
Айта кету керек, өткен жылы облыстың ұйымдары мен кәсіпорындарында өндірістегі қызметкерлермен 32 жазатайым оқиға болды.
Нәтижесінде 37 қызметкер зардап шегіп, оның ішінде 6 адам қайтыс болған.
«Басқарма  499  өтінішті тіркеді. Өтініштің негізгі бөлігі жұмыскерлердің конституциялық құқықтарына, ҚР Еңбек Кодексінің баптарын түсіндіруге, еңбек дауларына, жұмыс берушінің заңсыз әрекеттеріне, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарына қатысты мәселелерді қозғайды», — дейді Еркін Дәулетұлы.
Спикер сөзінің соңында тұрғындардың еңбек қызметіне байланысты сұрақ  немесе  арыз-шағымдары  болса, Жетісу облысының Еңбек инспекциясы бойынша басқармасына жүгіне алатынын айтты.

Related Posts

Жетісу облысы

Инфекциялардың алдын алудың ең тиімді әдісі – вакцинация

Көктемнің басталуымен түрлі аурулар мен инфекциялар қаупі артып келеді. деп атап өтті Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында облыстың санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Индира Күнбасова. Вакцинация дифтерия, көкжөтел, қызылша, полиомиелит,
Жетісу облысы

Жетісу облысының мәслихат төрағасы референдумда дауыс берді

Дауыс беру учаскесіне Жетісу облысының мәслихат төрағасы Гүлнар Тойлыбаева келіп, өз таңдауын жасады. «Ел өмірінде маңызды референдумда өз таңдауымды жасадым. Жетісулықтар бүгін референдумға белсенді қатысып, бірлігіміз бен ұйымшылдығымызды көрсетеді деп
Қоғам

Жетісуда жол апатынан 123 адам қаза тапты

Әлемде жыл сайын жол-көлік оқиғаларының саны артып келеді. Бұл зардап Қазақстанның да осал тұсы. Өткен жыл қорытындысымен салыстырғанда еліміздегі жол апаты көрсеткіші 9 пайызға дерлік өскен. Сондай-ақ  Жетісу облысы да
Қоғам

Жетісу облысы волонтерлік қозғалысының кеңесі құрылды

Биылғы жылдың тамызынан бастау алған «Мейірімді Жетісу» фронт офис әлеуметтік жобасы 4 ай уақыт аралығынан кейін өз мәресіне жетті. Бұл туралы Облыстық волонтерлік фронт офисінің жетекшісі Жансерік Байденов хабарлады. Өңірдегі