ҚоғамҚұқық

Жетісуда жол апатынан 123 адам қаза тапты

Әлемде жыл сайын жол-көлік оқиғаларының саны артып келеді. Бұл зардап Қазақстанның да осал тұсы. Өткен жыл қорытындысымен салыстырғанда еліміздегі жол апаты көрсеткіші 9 пайызға дерлік өскен. Сондай-ақ  Жетісу облысы да аталған апат санынан қалыс қалар емес. Жыл басынан бері құқық қорғау органдарында бұндай оқиғаның 428-і тіркеліп, салдарынан 123 адам қаза тапты. Мерт болғандардың 20-сы балалар.

Әзірге бұл статистиканың құлдырауына ешкім әсер ете алар емес. Тіпті,  2005  жылы  25  қазанда БҰҰ Бас Ассамблеясы бекіткен Жол-көлік оқиғасы құрбандарын еске алу күні де. Қарашаның үшінші жексенбісінде аталып өтілетін бұл қаралы күн — темір тұлпар иелері мен жүргізушілерін үйде жақындары күтіп отырғанын есте сақтауға үндейді.

алдын алу іс-шаралары жыл сайын Жетісу өңірінде де өткізіледі. Өңірлік коммуникациялар қызметі ақпараттық алаңына Жетісу облысы ІІД Жергілікті полиция қызметінің бастығы, полиция полковнигі Қайсар Мұхметов келіп, қараша айының 13-19 аралығында өткізіліп жатқан «Жол қауіпсіздігі апталығы» жайында мәлімдеді.

«Апталық аясында түрлі іс-шаралар өткізіледі. Мысалы: «Қамқор ана», «Жолаушы – бала», «Студенттік идеялар мен бастамалар – жолдардағы қауіпсіз қозғалыс үшін», «Үздік автомектеп», «Біз өмірге сенеміз!». Дүниежүзілік көлік оқиғалары құрбандарын еске алу күнінде жол полициясы қызметкерлері мен тұрғындар арасынан шыққан еріктілер қан тапсыру акциясын өткізеді. Бұл шара қоғам назарын жол қауіпсіздігін сақтауға аударып, түрлі апаттардың алдын алуға септігін тигізбек. Басты мақсатымыз көлік оқиғасынан зардап шеккендерге көмек көрсету және жол қозғалысына қатысушыларды ынтымақтастыққа, жүргізу мәдениетін арттыруға шақыру», — деді Қайсар Мұхметов.

Спикердің айтуынша, бүгінгі күні Жетісу өңірінде патрульдік полиция топтары тәулік бойы жұмыс істеуде. Олар 14 камералы Ekinpatrol құрылғысымен жабдықталған. Жол қозғалысы ережесін бұзу анықталғанда не болып жатқанын жазып алып, немқұрайлы жүргізушіні немесе жаяу жүргіншіні тоқтатуды қажет етпей, бұзушыға айыппұл салынады. Құрылғы 360 градусқа айнала алады және көліктің нөмірін өзінен 70 метрге дейінгі қашықтықта жазып алады. Осылайша, қырағы «электрондық көздерден» жасырыну мүмкін емес. Полиция қызметкерлерінің айтуынша, құрылғыны пайдалану заң бұзушылықтардың көбеюіне әкелуі мүмкін, бірақ ең бастысы, ол адам өмірін сақтап қалуға септігін тигізеді.

Related Posts

Қоғам

AMANAT: Алматы облысында 9 мыңға жуық азамат қаржылық сауаттылығын арттырды

Қаржылық сауаттылық деңгейін арттырмай, ауыл тұрғындарының әл-ауқатын жақсарту мүмкін емес. Осылай деген AMANAT партиясы Halyk Bank-пен бірге мамыр айында «Қарызсыз қоғам» жобасын бастады. Оның аясында, бір ғана Алматы облысының мыңдаған
Қоғам

АЭС — энергетикалық қауіпсіздік кепілі

Президент Жарлығына сәйкес елімізде АЭС салу не салмау туралы сұрақтың жауабын референдум арқылы халық шешеді. Дегенмен АЭС-тің пайдасы қандай, зияны бар ма деген мәселеде маманның пікірі маңызды. Біз экономист Сапарбай
Қоғам

«Алтын Қаратал» ЖШС ұйымшыл ұжымы дауыс берді

Қаратал ауданындағы асыл тұқымды ірі қара мал басын көбейтумен айналысатын ұжымның бірі - «Алтын Қаратал» ЖШС. Ұжым қызметкерлері №166 дауыс беру учаскесіне ауызбіршілік танытып өздерінің саяси белсенділіктерін танытып, демалысқа қарамастан