Жетісу облысыҚоғам

Жасанды интеллект: жаңа мүмкіндіктер

Қазір жасанды интеллект – әлемдік тренд. Біздің қоғам цифрландыруды қолдану мен жасанды интеллектіні бағындыруда уақытпен бірге, көштен қалмай келеді. Қай саланы алып қарасаңыз да, цифрлық бағдарламаларға, жасанды интеллектіні қолдануға талпыныс байқалады. Жетісу облысында «Жетісу Медиа» ШЖҚ МКК өңірлік БАҚ арасында алғаш рет өз қызметінде жасанды интеллект қолдана бастады. Бұл үдерістің алғашқы қадамы бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің құзыреттерін дамытуға және әлемдік журналистиканың цифрлық трендтерімен танысуға бағытталды. Осындай ақпаратпен Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Жетісу Медиа» ШЖҚ МКК басшысы Шыңғыс Бозым мен «Вестник Жетісу» газетінің бас редакторы Хасан Еспанов бөлісті.
«Қазіргі уақытта технологиялар мен ғылыми жаңалықтардың үздіксіз дамуы кезінде жасанды интеллект жұмыс, бизнес, шығармашылық және ақпараттық процестер үшін ажырамас құралға айналды. Атап айтсақ, мақалалар мен кітаптар жазу, фотосуреттерді генерациялау, суреттерді жандандыру, дауысты өңдеу және синтездеу, музыка жазу, фотосуретті 3D форматында цифрландыру секілді артықшылықтары бар.
Осы тұрғыда облыстық БАҚ қызметкерлері үшін «Жасанды интеллектті енгізу және оқыту» семинар-тренинг өтті. Нәтижесінде, «Вестник Жетісу» газеті мен Өңірлік коммуникациялар қызметі, радио, теледидар және YouTube арналарда күнделікті және апта сайынғы хабарландырулар мен дайджест дайындау кезінде жасанды интеллект қолданылатын болады», — деді Шыңғыс Өмірғалиұлы.
Бүгінде мультимедиялық журналистикада ЖИ қолданудың алғашқы қадамдары жасалды. Одан бөлек, YouTube арналарындағы бейнелердің көбейіп келе жатқан көрінісі аудиторияны осы тақырыпқа қызықтырғанын көрсетеді. Болашақта ұсынылатын мазмұн спектрі кеңейтілетін болады.

Related Posts

Жетісу облысы

Көксулық батыр аналар дауыс берді

Көксулық көпбалалы аналар да референдумда өз таңдауларын жасауда. Еңбекшіқазақ, З.Тамшыбай, Мұсабек ауылында тұратын көпбалалы аналар дауыс беру учаскелеріне келіп, өз таңдауларын жасауда. «Батыр аналар» Республикалық референдумда дауыс беріп қана қоймай,
Жетісу облысы

Жетісу облысының 15 апатты-қауіпті учаскесінде Vidar камерасын бекіту жүйесі орнатылады

Бекіту камераларының негізгі бөлігі облыс орталығында орнатылған. Айта кетейік, 2023  жылғы 6 ақпаннан бастап Талдықорған қаласының автожолдарында 10 камера санында автоматты режимде бекітетін «VIDAR SPEED-R» сертификатталған техникалық құралдары орнатылған 10
Жетісу облысы

Жетісу облысында кене шағуының 470 жағдайы тіркелді

Жыл басынан бері Жетісу облысында 470 кене шағу тіркелді. Оның ішінде 230 жағдай 14 жасқа дейінгі балалар арасында орын алды. Кене энцефалитінің эндемиялық аймағына Ақсу, Алакөл, Ескелді, Кербұлақ, Сарқан аудандары
Жетісу облысы

СУ ТАСҚЫНЫНА ДАЙЫНДЫҚ: Жетісу облысында су тасқынына қарсы жұмыстар күшейтілді

Жетісу облысында 8-12 наурыз күндері ауа температурасының күрт көтерілуі және қардың қарқынды еруі нәтижесінде 12 су басу фактілері тіркелді. 9 жергілікті су басу жағдайларынан Алакөл ауданының Қабанбай, Ақтүбек, Бескөл станциясы,