Жаңалық

Қонаевтың 17 мектебіне жаңа қауіпсіздік жүйесі орнатылды

 

Алматы облысы өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында Цифрлық технологиялар басқармасының өкілдері өңірдегі цифрландыру жобалары мен Alatau Hub аймақтық технопаркінің маңызы туралы баяндады.

Цифрландыру және ақпараттық қауіпсіздік бөлімінің бас маманы Димаш Шапатайдың айтуынша, Қонаев қаласында білім беру мекемелерінің қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлініп, бірнеше маңызды жоба іске асырылуда.

“Қаладағы 17 мектепке GSM жүйесіне негізделген хабарландыру жүйесі орнатылды. Бұл жүйе төтенше жағдайлар кезінде автоматты түрде 109 қызметіне және жедел жәрдемге хабарлама жібереді. Осылайша, мектептердің қауіпсіздік деңгейі артып, шұғыл қызметтердің жедел әрекет етуі қамтамасыз етіледі”- деп атап өтті Димаш Шапатай.

Сонымен қатар, қаладағы тұрмыстық қалдықтарды басқару процесі де цифрлық шешімдер арқылы жетілдірілуде. Қонаев қаласындағы 99 қоқыс орнына QR-кодтар орнатылып, тұрғындар оларды сканерлеп, қоқыс шығару мәселелері бойынша жылдам хабарлама жібере алады.

Қазіргі таңда Smart Qonaev мобильді қосымшасы қолданысқа берілді.Бұл қосымша арқылы қала тұрғындары маңызды жаңалықтар мен шаралар туралы ақпарат алып, әкімнің жеке қабылдауына электронды түрде жазыла алады. Осылайша, цифрлық технологиялар қала тұрғындарына қолайлы жағдай жасауға бағытталған.

Сондай-ақ, аймақтағы инновациялық экожүйенің дамуына ықпал ететін Alatau Hub аймақтық технопаркі де өз жұмысын жалғастыруда. Аймақтық менеджер Бексұлтан Нұрақынның айтуынша, орталық IT саласындағы мамандар, стартаптар және инвесторлар үшін маңызды алаңға айналып, өңірде жаңа технологиялар мен жобаларды дамытуға септігін тигізіп отыр.

“Alatau Hub-тың мақсаты -өңірде мықты IT-қоғамдастықты қалыптастыру. Қысқа мерзім ішінде біз 19-дан астам іс-шара ұйымдастырып, оған 400-ден астам адам қатысты. Жақында біздің хабқа Arbuz.kz, 1fit, PCA Group, Jusan сияқты жетекші компаниялардың өкілдері келді”, -деп мәлімдеді Бексұлтан Нұрақын.

Related Posts

Жаңалық

Алматы облысында ұстаздарға қолдау жоғары

Алматы облысында білім беру жүйесі соңғы жылдары айтарлықтай жаңғырып, ұстаздарға жасалған қолдау шаралары білім сапасының артуына ықпал етіп келеді. Мұғалімдер күніне орай өткен баспасөз конференциясында Алматы облыстық әдістемелік орталығының директоры
Жаңалық

Алматы облысында жылыту маусымы кезінде 102 өрт оқиғасы тіркелді

Облыс аумағында жылыту маусымы басталғанан тұрғын үй секторында өрттің саны едәуір артады. Бұл туралы баспасөз мәслихаты барысында Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы бастығының орынбасары Александр Пархоменко айтты. «Жылыту маусымы кезінде 102
Жаңалық

Биыл МӘМС үшін қанша төлейді?

МӘМС төлемдері бойынша ставкалар өзгеріссіз қалды, бірақ 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде ең төменгі жалақы (ЕТЖ) мөлшері ұлғайды. Ол бірнеше төлемнің көлеміне әсер етті. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында үстіміздегі
Жаңалық

Алматы облысында «Құқықтық тәртіп» іс-шарасы өтіп жатыр

Жедел алдын алу шарасы 20 қараша күні басталды. Айдың соңына дейін жоспарланған іс-шара жол қауіпсіздігін, қоғамдық орындарда қылмыстардың алдын алып, жалпы тәртіпті қамтамасыз ету үшін өткізіледі. Бұл туралы Алматы облысы