Жаңалық

Жетісу облысында ұлттық мереке — Республика күні атап өтіледі

Елімізде 25 қазан күні Ұлттық мереке – Республика күні атап өтіледі. Осы айтулы күннің құрметіне Жетісу облысында бірқатар іс-шара атқарылмақ. Аудан, қалаларда туған жерінің көркеюіне үлес қосқан тұлғаларға «Құрметті азамат» атағы мен басқа да марапаттар табысталады. Концерттік бағдарламалар ұйымдастырылады. Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметі ақпараттық алаңында өткен БАҚ өкілдерімен кездесуде Жетісу облысы Қоғамдық даму басқармасының басшысы Айдар Башбаев айтып берді.

Спикердің айтуынша, Республика күні қарсаңында Талдықорған қаласында және Ақсу ауданында да көппәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілмек. Одан бөлек, облыс бойынша әлеуметтік нысандардың ашылуы көзделіп отыр. Бірнеше ауданда фельдшерлік-акушерлік пункттер, Мәдениет үйі, спорттық сауықтыру кешендері қолданысқа беріледі. Сондай-ақ, Қаратал ауданында тарихи өлкетану музейі ашылады деп жоспарлануда.

«Бұл ретте біз Жетісу халқының тынымсыз еңбегінің арқасында өткен -9 айдың қорытындысында жақсы көрсеткіштерге қол жеткіздік. Мәселен, өнеркәсіп өндірісінде 5,8%, ауыл шаруашылығында 1,7% өсім байқалады. Тұрғын үй мәселесі бойынша жыл басынан бері 1100 пәтер берілген. Биыл бұл рекордтық көрсеткіштерге жетіп отыр», — деді Айдар Башбаев.

Жетісулықтар Республика күнін тойлауды 21 қазаннан бастап кетті. Мерекеде Мемлекеттік Туды көтеру рәсімі жоспарланып отыр. Шараның мақсаты – жастардың бойына патриоттық сезімді сіңіру. Ұлттық сананы жаңғырту.

Related Posts

Жаңалық

Бақыт Нарбутаев Қарасай аудандық мәслихат депутаты болып сайланды

2024 жылғы 31 наурызда №6 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланған Қарасай аудандық мәслихатының шығып қалған депутаттың орнына сайлауы өтті. Сайлаушылар тізіміне 7174 азамат енгізілді. Дауыс беруге -2756 сайлаушы, оның
Жаңалық

Жетісу облысында ЖРВИ-мен ауырғандар саны артты

Жетісу облысында ЖРВИ-мен ауырғандар саны артып отыр. Өткен жылғы эпидкезеңмен салыстырғанда 3,4 есе жоғары. ЖРВИ-мен 14 жасқа дейінгі балалар жиі сырқаттанады. Олар 68,2%.   «ЖРВИ мен тұмаудың 2023-2024жж. эпидемиялық маусымында
Жаңалық

ТМККК пакетіне не кіреді?

Елімізде медициналық сақтандыру мәртебесіне қарамастан медициналық көмекті тегін алуға бола ма? Бұл туралы МӘМС қоры Алматы облыстық филиалының өкілдері мәлімдеді. Айтуларынша, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінде алуға болатын қызмет
Жаңалық

Жетісуда меценат гемодиализ орталығын ашты

Жетісуда тағы бір гемодиализ орталығы іске қосылды. «Туған жерге туың тік» дегендей, Сарқан ауданы Қарауылтөбе ауылында туып-өскен азаматтың меценаттық жасауымен Сарқан аудандық аурухана базасында гемодиализ орталығы ашылды. Оған кәсіпкер 60