Жетісу облысыҚоғам

ЖАУАПТЫ ҚЫЗМЕТ

Биыл азаматтық қорғау органдарының құрылғанына 29 жыл. Төтенше жағдайлар саласында қызмет істейтін мамандардың үнемі қауіпке бастарын тігіп жүретіні белгілі. Жетісу облысында құтқарушылар жыл басынан бері 200-ге жуық жанды түрлі апаттан құтқарған.

Жауапты қызметте жалтару жоқ. Өмір үшін арпалыста аянып қалмайтын сала мамандарының еңбегі ерен. Оларды дәріптеуді ұмыт қалдырмағанымыз жөн.

Данияр Қалмурзиннің құтқарушы болып қызмет істеп жатқанына келер қыста 20 жыл болады. Сүңгуір-құтқару бөлімшесінің бас құтқарушысы қызметін атқарып жүрген жұмысқа жауапкершілікпен қарап, жоғары ұйымдастырушылық қабілетінің арқасында кез келген жағдайда дұрыс шешім қабылдап, тапсырмаларды тиянақты орындап, жас мамандарға үлгі болуда. Сала қызметкері су айдындарының ерекшеліктерін жетік білетіндіктен, апаттық-құтқару жұмыстарын тиімді ұйымдастырады. 2016 жылы, ауа райының қолайсыздығына қарамастан, санавиация тікұшағы апатқа ұшырағанда құтқару операциясының басы-қасында болып, адамдарға жәрдем береді. 2018 жылы Қапал – Ақын Сара тасжолындағы қарлы боранда қалған 170 адамды құтқарып, эвакуациялауға, көктемгі су тасқыны кезінде тасқын салдарын жоюға да атсалысқан арда азамат өз ісіне берілген нағыз адал жан дейді әріптестері.

– Біздің мамандыққа тәуекел керек. Қандай жағдайда болмасын ақылмен іс қылған жөн. Адам өмірін құтқарам деп жүріп, өзің де арандап қалмауың қажет. Бұл өзім қалаған сала болғандықтан жұмысты жан-тәніммен істеуге тырысам. Көптеген оқиғаға тап боласың, бірақ нендей қиындық көрсеңде өзіңді жоғалтуға болмайды. Барлық әріптестерімді айтулы мерекемен құттықтаймын, – дейді Данияр Қалмурзин.

Құтқарушылар күнделікті талай апаттың алдын алады. Адам өміріне араша түсіп, ерлікпен қаза тапқан құтқарушылар да аз емес. Айта кетейік, Жетісу облысында құтқарушылар қатарында 700-ге жуық маман қызмет істейді.

Медет ЖҰМАБАЙ
Фото: Данияр Қалмурзиннің жеке архивінен

Related Posts

Жетісу облысы

ӨЗГЕ ҰЛТ ӨКІЛДЕРІ БЕЛСЕНДІ ДАУЫС БЕРУДЕ

Бескөл ауылдық округі, Бұлақты ауылындағы №59 дауыс беру учаскесінде Удмурт елінің өкілі Ирина Дряхлова ел болашағы үшін дауыс берді. Ирина Дряхлова референдум болашағымыз үшін маңызды екенін жеткізді. – Референдумда халықтың
Жетісу облысы

«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасына Жетісу өңірінің 203 мыңға жуық баланы тіркеді

Еліміздегі барлық балалардың есепшотына «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы бойынша алғашқы нысаналы жинақтары түсті. Бағдарламаға қатысушылардың жалпы саны 6 миллион 920 мыңға жуық. Оның ішінде Жетісу облысында 2023 жылдың 31
Қоғам

Шомылу маусымы

Көптен күткен шомылу маусымы басталып та кетті. Тұрғындар жаз мезгілінде жанұясымен «Алакөл», «Балқаш» көлдеріне немесе басқа да демалыс орындарына барып демалғанды жөн көреді. Бүгінгі күні Жетісу облысының санитарлық – эпидемиологиялық
Жетісу облысы

Жетісу облысындағы экологиялық жағдай тұрақты

Талдықорған мен Текелі қалаларындағы ауаның ластану деңгейі төмен, ал 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында шығарылған зиянды қалдықтардың көлемі 9,7 мың тоннаға жетті. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында мемлекеттік