Қоғам

Шомылу маусымы

Көптен күткен шомылу маусымы басталып та кетті. Тұрғындар жаз мезгілінде жанұясымен «Алакөл», «Балқаш» көлдеріне немесе басқа да демалыс орындарына барып демалғанды жөн көреді. Бүгінгі күні Жетісу облысының санитарлық – эпидемиологиялық бақылау департаментінің аумақтық басқармаларының бақылауында «Алакөл» көлінің бойында 74, «Балқаш» көлінің бойында 10 демалыс аймақтары бар.

Су айдындарындағы судың және жағалаудағы топырақтың құрамы бойынша қауіпсіздігі Біздің бақылауымызда тұр. Шомылу маусымы басталар алдында және басталған сәттен бастап «Алакөл» мен «Балқаш» көлдерінен микробиологиялық және химиялық көрсеткіштерге 40 су сынамасынан және паразитологиялық көрсеткіштерге 10 су сынамасы алынып зерттелді.

Сондай-ақ, жағажайдан микробиологиялық, химиялық, паразитологиялық көрсеткіштерге және ауыр метал тұздарына топырақ сынамалары алынып зерттелді.

Талдықорған қаласының қалалық бассейннен микробиологиялық, химиялық және паразитологиялық  көрсеткіштерге 4 су сынамалардан алынып зерттелді. Ал, жағажайынан микробиологиялық, химиялық, паразитологиялық көрсеткіштерге және ауыр метал тұздарына 1 топырақ сынамадан алынып зерттелді.

Жүргізілген зертханалық зерттеулердің нәтижелері гигиеналық нормативтерге сәйкес келеді.

Демалыс аймақтарында алаңдатушылық туғызатын мәселелердің бірі – кейбір демалушылардан кейін жиналмай қалатын қоқыстар. Мұндай немқұрайлықтың салдарынан су айдындары мен жағалаудағы топырақ ластанады және демалушылардың жұқпалы, паразиттік ауруларды жұқтыру қауіпі жоғары болады.

Тазалықты сақтау өзімізден басталатындығын ескерсек, осы сәттен бастап өзіңізді, балаларыңызды, жақындарыңызды тазалық сақтауға және қоршаған ортаға жылулықпен қарауға шақырыңыз!

Шомылу маусымы кезінде ішек инфекцияларының және басқа да жұқпалы ауруларды алдын-алу бойынша сақтық шараларын уақтылы қабылдау өзекті мәселе болып табылады. Осыған сүйене отырып, сау және жақсы демалу үшін келесі қарапайым ережелерді сақтауды ұсынамыз:

  • Шомылуға арналған су айдынындағы демалыс орны мен су бірінші кезекте қауіпсіз болуы тиіс;
  • Ашық су айдындарының суы ішуге жарамсыз, сондықтан мұндай сумен жемістерді, көкөністерді, ыдыстарды жуу ұсынылмайды;
  • Су ішу үшін бөтелкедегі суды пайдаланыңыз;
  • Жаңа піскен азық-түлік өнімдерін пайдаланыңыз, сақтауға, азық-түлік сатып алу кезінде жарамдылық мерзіміне және сақтау шарттарына назар аударыңыз;
  • Егер Сізде тоңазытқыш сөмкесі болмаса, тез бұзылатын өнімдерді, атап айтқанда сүт, сүзбе, йогурт, пісірілген шұжық өнімдерін өзіңізбен алмаңыз;
  • Жеке бас гигиенасын және тазалықты сақтаңыз, өзіңізден кейін үнемі тазалап жүріңіз, себебі Сізден кейін басқа адамдар демалуға келеді;
  • Күн сәулесінде ұзақ уақыт болмаңыз, күннен қорғайтын кремдерді қолданыңыз;
  • Күн астында демалу кезінде көбірек сұйықтық ішіңіз, бірақ құрамында қант бар газдалған және әртүрлі шарап сусындарын тұтынбаңыз.

Есіңізде болсын салауатты және жайлы демалыстың өтуі Өзіңізге байланысты. Сізге денсаулығыңызға зиян келтірмейтін жақсы демалуды тілейміз. Сау болыңыз! Барлықтарыңызға сәтті және жақсы демалыс болсын!

 

 

Related Posts

Жетісу облысы

Жетісу облысы бойынша 463 дауыс беру учаскесі өз жұмысын тоқтатты

Облыс тұрғындары үшін 463 дауыс беру учаскесі таңғы сағат 07.00-ден кешкі сағат 20.00-ге дейін дауыс берді. Бұл туралы облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Тимур Даутов хабарлады. Жалпы облыс бойынша 442 429
Жетісу облысы

Сарқан ауданының Екіаша ауылында Мұқағали Мақатаев дауыс берді

Республикалық референдум күні қазақтың ақиық ақыны Мұқағалимен аттас Екіаша ауылдық мәдениет үйінің қызметкері Мұқағали Мақатаев №356 сайлау учаскесіне келіп дауыс берді. «Референдумда халық болып бірлесе шешім қабылдаймыз. Мен бұл маңызды
Жетісу облысы

Референдумда ауыл тұрғындары спорттық шараға қатысты

Алакөл ауданына қарасты Екіпнді ауылындағы дауыс беру учаскелері маңында тұрғындардың көңіл-күйін көтеру, және белсенділіктерін арттыру мақсатында спорттық ойындар ұйымдастырылды. Арқан тартыс, шахмат ойындарында ауыл тұрғындары өзара сайысқа түсті. Ал референдумда
Жетісу облысы

Жетісу облысында кене энцефалитіне қарсы күрес шаралары өтуде

Жетісу облысының Ақсу, Алакөл, Ескелді, Кербұлақ, Сарқан, аудандары мен Талдықорған, Текелі қалалары кене энцефалитінен эндемиялық аймақтарға жатады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Жетісу облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары