Жетісу облысыСайлау

Жетісу облысындағы экологиялық жағдай тұрақты

Талдықорған мен Текелі қалаларындағы ауаның ластану деңгейі төмен, ал 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында шығарылған зиянды қалдықтардың көлемі 9,7 мың тоннаға жетті. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында мемлекеттік органдар мен коммуналдық кәсіпорындардың өкілдері баяндады.
Негізгі проблемалар ретінде тозығы жеткен кәріздік тазарту құрылғылары мен қалдықтарды басқару жүйесінің жеткіліксіздігі атап өтілді. 2021 жылдан бастап экологиялық инфрақұрылымды жақсарту бойынша шаралар іске асырылуда. Атап айтсақ, 6 қазандық газға ауыстырылды, кәріз желілері жаңғыртылуда, тұрмыстық қатты қалдықтарға арналған полигондар салынып, рекультивация жасалуда.
Болашақта қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеу жүйесін дамыту, сондай-ақ, экологияны жақсарту бойынша кешенді бағдарламалар әзірлеу жоспарлануда. Мәселелерді шешу үшін экологиялық төлемдерді инфрақұрылымдық жобаларға бағыттау және шағын және орта бизнесті тарту ұсынылды.

Related Posts

Жетісу облысы

Кербұлақ ауданында «Шежіре, өнер-тәлім отауы» ансамблі мерекелік көңіл-күй сыйлады

Референдум күні Кербұлақ ауданында шығармашылық ұжымдар өз өнерлерімен бөлісуде. Солардың бірі - «Шежіре, өнер-тәлім отауы» үйірмесінің мүшелері. Әжелер ансамблі ең әуелі №185 дауыс беру учаскесінде өз таңдауларын жасап, кейін келген
Жетісу облысы

Жетісу облысында жол-көлік оқиғаларын азайту үшін іс-шаралар атқарылуда

Жыл басынан бері жол-көлік оқиғаларының күнделікті өсуіне байланысты, сондай-ақ жүргізушілер арасында көліктік тәртіпті жақсарту  және жол ережелерін бұзудың алдын-алу мақсатында түрлі шаралар ұйымдастырылып,  өткізілуде. Соның бірі ақпан айының 5-і мен
Жетісу облысы

Лепсі ауылының әрбір бесінші отбасы омарташы

Алакөл ауданының әкімшілігінің ұйымдастыруымен өтіп жатқан пресс-турдың алғашқы нысаны Лепсі ауылындағы бал өндіретін «Лепсі өнімдері» ЖШС болды. Экологиялық таза бал өндіретін кәсіпорын қазіргі уақытта жылына 300 тоннаға дейін бал өнімін
Жетісу облысы

Емханаға тіркеу науқаны басталды

1-ші қыркүйектен бастап елімізде емханаға тіркелу науқаны басталады. Тұрғындар медициналық қызмет алу үшін емхананы өз еркімен таңдауға мүмкіндігі бар.  Науқан 1-ші қарашаға дейін жалғаспақ. Азаматтар өз аумағындағы медициналық мекемеден бөлек,