Жаңалық

Қонаев қалалық соты жыл басынан 3800-ден астам істі қарады

 

Қонаев қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жыл басына 3800-ден астам іс түсті. Олардың басым бөлігі жол-көлік оқиғаларына қатысты .
Бұл туралы сот төрағасы Әлинасыр Қадыров Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
Сотқа түскен істердің 3570-і қаралып, 2370 іс бойынша жалпы сомасы 322 миллион теңгеге жуық айыппұл салынған. Бұл соманың жартысынан көбі мемлекет қазынасына төленді. Жол-көлік оқиғалары бойынша 1619 іс тіркеліп, 1561 адам айыппұл арқаласа, 18 азамат көлік жүргізу құқығынан айырылды.
Отбасылық-тұрмыстық қатынастар бойынша 540 іс қаралып, 206 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, ұсақ бұзақылық және вандализмге қатысты істерде де әкімшілік жазалар күшейтілгені айтылды

“Қоғамдық тәртіпті сақтау – біздің басты міндетіміз. Осы мақсатта қолданылған шаралар құқық бұзушылықтардың алдын алуға және заң үстемдігін нығайтуға бағытталған”,-деді Әлинасыр Қадыров.

Брифинг барысында сот төрағасы құқықтық саладағы жаңалықтарды, оның ішінде Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстегі өзгерістерді де түсіндіріп өтті

Related Posts

Жаңалық

Жетісу облысында қызылша бойынша жағдай тұрақталып келеді

Жетісу облысында қызылша ауруымен сырқаттанушылық тұрақталып келеді. Өңірде қызылшаның ағашқы нақтамасымен 1016 жағдай тіркеліп, оның 721 зертханалық сараптамамен расталған. Олардың басым көпшілігі 5 жасқа дейінгі балалар, яғни 54,0%. Айта кетерлігі
Жаңалық

Алматы облысында туберкулез сырқаттанушылығы төмендеді

Өңірде эпидемилогиялық ахуал тұрақты. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында Алматы облысының фтизиопульмонология орталығының Мониторинг және бағалау бөлімінің басшысы Эльмира Базарбаева мен балалар жөніндегі координаторы Жанар Буиенбаева баяндады. Маманның
Жаңалық

Алматы облысында әлеуметтік топтарға салық жеңілдіктері ұсынылды

  Облыс тұрғындары мен кәсіпкерлері үшін көлік және мүлік салығын төлеу маңызды міндет болып қала береді. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер департаменті басқармасының басшысы Олжас Отар баспасөз мәслихатында мәлімдеді. Оның айтуынша,
Жаңалық

Алматы облысында 200-ден аса ойын терминалдары жойылды

Бұл жөнінде экономикалық тергеп-тексеру департаменті басшысы Нұржан Исмагулов баспасөз мәслихатында баяндады. Нұржан Исмагуловтың айтуынша, экономикалық қылмыстардың ерекшелігі мен көлеміне қарамастан, тіркелген оқиғалардың 80 пайыздан астамы электронды форматта.Тергеу жұмыстарының нәтижесінде,жүк көліктерін