Жаңалық

Алматы облысында экотуризм дамуда

Алматы облысы Қазақстанның табиғаты ең көрікті өңірлерінің бірі ретінде экотуризмді дамытуға үлкен үлес қосып келеді. Бұл туралы туризм басқармасының инфрақұрылымды дамыту және туристік жобаларды жүзеге асыру бөлімінің басшысы Шерхан Есентеміров айтты.

Өңірде туристерге қолайлы жағдай жасау мақсатында бірқатар жобалар жүзеге асырылуда. Мысалы, Қайыңды көліне апаратын 12 шақырымдық жолды жөндеу басталды. Түрген шатқалы мен Ассы үстіртінде визит-орталықтар салу жоспарланып, электр жеткізу желілері тартылуда. Спикер бұл жұмыстардың туристік қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталғанын ерекше айтты.

«Алматы облысына жыл басынан 1,6 миллионнан астам турист келді. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 500 мыңға көп. Көлсай көлдерінде 370 мыңға жуық турист дем алды. Бұл – экотуризмнің өңірдегі басты бағыт екенін көрсетеді», – деді Шерхан Есентеміров.

Оның айтуынша, шетелдік туристер арасында Қытай, Германия, Сауд Арабиясы және Үндістан елдерінен келгендер басым.

Сонымен қатар, облыста жаңа туристік жобалар іске асырылуда. Кеген ауданында құны 1,5 миллиард теңгені құрайтын аспалы шыны көпір құрылысы басталды. Бұл бірегей жоба өңірде туристер ағынын ұлғайтуға ықпал етеді деп күтілуде. Бұдан бөлек,Қонаев қаласында DoubleTree by Hilton Konayev қонақүй кешені мен аквапарк құрылысы қолға алынған.
«Бұл жобалар тек туристер үшін емес, жергілікті тұрғындар үшін де жаңа жұмыс орындарын ашуға және өңірдің экономикалық дамуына серпін береді», – деді спикер.

Related Posts

Жаңалық

Алматы облысында пробация есебінде тұрған азаматтарға рейд жүргізілді

Прокуратура және Полиция қызметкерлері пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтардың тұрғылықты мекенжайлары бойынша түнгі уақытта тексеріс жүргізілді, деп хабарлады Алматы облысы ПД баспасөз қызметі. Аталған іс-шараның мақсаты – пробацияда тұрған тұлғалар
Жаңалық

Қонаевта бюджет есебінен 31 тұрғын үй бой көтереді  

Қазіргі таңда бюджет қаржысына 10-шағын ауданда 180 пәтерлі 3 тұрғын үйдің құрылысы жүруде. Сондай-ақ әрқайсысы 60 пәтерлік 9 көпқабатты үйдің сметалық құжаттары жасалып жатыр. Бұл туралы Қонаев қаласының әкімдігі ұйымдастырған
Жаңалық

5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Алматы облысының тарихы мен мәдениеті ұлықталды

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында құрылған «Көшпенділер Әлемі» этноауылында Алматы облысының 3 киіз үйі тігілді. Қазақ үйлердің бірінде өлкеміздің туристік орындары: Есік қаласынан табылған «Алтын адам», Көлсай, Қайыңды көлдері, Шарын шатқалы,
Жаңалық

Алматы облысында «Alatau hub» жазғы лагері ашылады

Елімізде IT мамандарына сұраныс артуда. Сол себепті өңірдегі цифрлық технологиялар басқармасы IT қауымдастықты дамытуға ден қойған. Бұл туралы цифрлық технологиялар басқармасының цифрландыру және ақпараттық қауіпсіздік бөлімінің басшысы Олжас Артықбай мен