Жетісу облысыҚұқық

Жетісу облысында жол-көлік оқиғаларын азайту үшін іс-шаралар атқарылуда

Жыл басынан бері жол-көлік оқиғаларының күнделікті өсуіне байланысты, сондай-ақ жүргізушілер арасында көліктік тәртіпті жақсарту  және жол ережелерін бұзудың алдын-алу мақсатында түрлі шаралар ұйымдастырылып,  өткізілуде. Соның бірі ақпан айының 5-і мен 29 аралығында өткен «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы. Іс-шараның нәтижесі бойынша Жетісу  облысында 12 500 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Қайсар Мұхметов өңірдегі жол-көлік оқиғаларының  жағдайы  мен оның алдын  алу бойынша  қабылданып  жатқан  шаралары  туралы  БАҚ өкілдерімен кездесуде айтты.

«Өткен жылғы кезеңмен салыстырғанда жол-көлік оқиғаларының саны 42 % төмендеді. Жүргізілген талдауға сәйкес зардап шеккендердің саны – 134-тен  92  адамға  дейін,  қаза  тапқандар  саны 56,5%, яғни 23-тен 10 адамға дейін азайды», — деп атап өтті ПД ЖПҚБ бастығы.

Жыл басынан жол-көлік оқиғасын болдырмау үшін, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында көптеген жұмыстар атқарылуда. Мәселен, жаяу жүргiншiлердің немесе жол жүрiсiнiң өзге де қатысушыларының жүруiне басымдық бермегені үшін 300-ге жуық құқық бұзушылық анықталды. Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және  уытқұмарлық масаң күйде басқарғаны үшін 140 құқық бұзушы ұсталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жаяу  жүргiншiлердiң  және  жол  жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларын бұзғаны үшін 3500-ге жуық құқық бұзушылық анықталды. Белгiленген жүру жылдамдығын арттырғаны үшін 1100-ге жуық жүргізушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Ережеге бағынбайтын жүргізушілерге патрульдік қызметте тұрған заманауи технологиялар белсенді қолданылуда. Атап айтсақ, «Ekin Patrol» жүйесімен жабдықталған үш арнайы автокөлік  жергілікті  жер мен автожол жағдайына байланысты белгіленген қозғалыс жылдамдығынан асып кету, жол жүру ережелері бұзушылықтарын тіркейді.

««Қауіпсіз жол» іс-шарасының өткізілуіне жалпы 309 полиция қызметкері, оның ішінде 173 патрульдік полиция, 120 учаскелік инспектор және басқада 16 қызметкері жұмылдырылды.  Атап өтейік, биыл 2 айдың қорытындысы бойынша, Жетісу облысының аумағында 46  жол-көлік оқиғасы орын алды. Онда 9  адам қаза  тауып, 82  адам дене жарақатын алды. Осы тұста жүргізушілерді жол ережесіне бағынып, өзінің де, өзгенің де өміріне қауіп тудырмауға шақырамыз», — деп қорытындылады Қайсар Жақсылықбекұлы.

Related Posts

Жетісу облысы

Алакөлдік көпбалалы аналар дауыс берді

Бүгінгі референдумнан көпбалалы аналар да қалыс қалған жоқ. Олар жақын маңдағы дауыс беру учаскесіне келіп өз таңдауларын жасады. «Біз бүгін балаларымыздың жарқын болашағы үшін, бейбітшілік пен тұрақтылық үшін дауыс бердік.
Жетісу облысы

Кезекті ұтыс сертификаты табысталды

Үшарал қаласы №47 дауыс беру учаскесіне 100-ші болып дауыс берген Үшарал қаласының тұрғыны Эльмира Солтанбекова «Tobiko fast food» сертификатын ұтып алды. Ал Сымбат Тұрароваға дауыс бергені үшін «Tobiko» кафесінен арнайы
Жетісу облысы

Декларация тапсырмаған азаматтар айыппұл төлейді

Облыс орталығында жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезеңі жүріп жатыр. Оған  жыл басынан бері мемлекеттік қызметкерлер мен олардың жұбайлары қатысуда. Басты  мақсат  –  әділ салық салуды қамтамасыз ету, жеке тұлғалардың кірісін
Жетісу облысы

Сарқан ауданының Екіаша ауылында Мұқағали Мақатаев дауыс берді

Республикалық референдум күні қазақтың ақиық ақыны Мұқағалимен аттас Екіаша ауылдық мәдениет үйінің қызметкері Мұқағали Мақатаев №356 сайлау учаскесіне келіп дауыс берді. «Референдумда халық болып бірлесе шешім қабылдаймыз. Мен бұл маңызды