Жетісу облысыҚоғам

Декларация тапсырмаған азаматтар айыппұл төлейді

Облыс орталығында жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезеңі жүріп жатыр. Оған  жыл басынан бері мемлекеттік қызметкерлер мен олардың жұбайлары қатысуда. Басты  мақсат  –  әділ салық салуды қамтамасыз ету, жеке тұлғалардың кірісін бақылау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу. Бұл туралы Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Сапар Шайкенов Өңірлік коммуникациялар қызметінде бөлісті.

Жалпы есепте жылжымайтын мүлік, жер учаскелері, көлік құралдары, арнайы техникалар, шетелдік банк есепшотындағы сақталған қаражат көрсетілуі керек. Облыстық Мемлекеттік кірістер департаментінің мәліметінше, 3-ші  кезеңде 75 000 тұлға декларациялаудан өтеді деп жоспарлануда. Ал тапсырмаған жандарға айыппұл салынбақ.

«Декларацияны 15 қыркүйекке дейін тұрғылықты жері бойынша тапсыруға болады. Атап айтсақ, «Салық төлеуші кабинеті», «Электрондық үкімет» веб-порталдары, «e-salyqАzamat», Каспий банк, Halyk, Bank CenterCredit мобильді қосымшалары арқылы ұсынуға болады. Сондай-ақ азаматтар құжатты қағаз нұсқада пошта арқылы немесе өздері барып ұсынуға құқылы», — деді департамент басшысының орынбасары.

Декларацияны ұсынбағаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Бірінші рет ескерту, ал екінші рет салық салушылар ұсынбағаны үшін 15 АЕК, бұдан басқа, салық салу объектілерін жасыру кезінде  төленбеген салықтар сомасының екі жүз пайызы мөлшерінде және егер мұндай құқық бұзушылық қайталанса, үш жүз пайыз мөлшерінде айыппұл салу көзделген.

Related Posts

Қоғам

Жетісу облысында өткен «Жайдарлы Жетісу» республикалық ойыны қорытындыланды

«КТК ойындарын ұйымдастыру және өткізу» басым бағыты бойынша  Жетісу облысында «Жетісу Жайдарман» шығармашыл жастар қозғалысы жобасы жүзеге асырылды. Оған Жетісу облысы Қоғамдық даму басқармасы қолдау көрсетіп, «Жас Ұрпақ» жастар қоғамдық
Жетісу облысы

Алакөлдік көпбалалы ана дауыс берді

Алакөл ауданы, Үшарал қаласының тұрғыны, көпбалалы ана Алия Байболова №50 дауыс беру учаскесіне келіп, дауыс берді. – Бүгін біздің еліміз үшін жауапты күн. Бұл, біріншіден, әр адамның болашаққа деген сенімі.
Жетісу облысы

«Мемлекеттік статистика туралы» Заңға өзгерістер енгізілді

«Мемлекеттік статистика туралы» Заңға өзгерістер енгізілді. Енді респонденттер уақытылы есеп бермесе, әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Оған қоса статистикалық деректердің дәйексіздігі анықталған жағдайда 1 жұмыс күні ішінде түзету енгізуі қажет. Бұл туралы
Жетісу облысы

Қызылша. ЖРВИ. Ковид. Жетісу облысындағы эпидемиологиялық жағдай қандай?

Жетісу облысында қызылша бойынша жағдай тұрақталды. Облыстың бас санитарлық дәрігері Асхат Чарапиев осылай деп мәлімдеді. Егер өткен жылдың желтоқсан айында сырқаттанушылық 218 жағдай болса, биылғы жылы қаңтар айында 156-ға дейін