Жетісу облысыМедицина

Күзде адам папилломавирусына қарсы вакцинация басталады

2024 жылы адам папилломавирусына қарсы вакцина Ұлттық вакцинация күнтізбесіне енгізілді. Бұл аурудан қорғаудың тиімді әдісі. Екпені Жетісу облысындағы 11-14 жасар 6000-ға жуық қыз балаға егу жоспарлануда. Шара осы жылдың күзінде басталмақ. Бұл туралы Жетісу облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Жанета Нұрманбетова, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау депаратаменті басшысының орынбасары Индира Күнбасова және облыстық көпсалалы клиника директорының орынбасары Гүлайым Оразбекова БАҚ өкілдерімен кездесуде баяндады.

«Еліміздегі  жыл сайын осы жатыр мойны обырының жаңа жағдай тіркеліп отырады. Дүниежүзі бойынша бұл қатерлі ісік бойынша Қазақстан 5-ші орында тұр. Ал өлім бойынша күнделікті, статистикаға сүйенсек, республикамызда күнделікті бұл дерттен 2 әйел көз жұмады», — деді Жанета Нариманқызы.

Адам папилломавирусы жыныстық қатынас, тұрмыстық байланыс, терінің зақымдануы арқылы таралады. Сондай-ақ, адамның папилломавирусы эпиляция кезінде дененің бір аймағынан екіншісіне көшеді. Вирус ылғалды ортада тез таралады, сондықтан қоғамдық орындарда моншалар, спорт залдары, бассейндерге барғанда жеке гигиенаны сақтау керек. Жатыр мойны обырын емдеудің негізгі әдістері хирургиялық, сәулелік және химиотерапия. Бұл вирус түрлі ауруларға, бедеулікке әкелуі мүмкін. Вакцинаның арқасында ауруды жоюға болады, дейді мамандар.

«Денсаулық сақтау министрлігі АҚШ-та жасалған 4-валентті «Гардасил» вакцинасын сатып алуды жоспарлап отыр. Вакцинация 2 кезеңде ата-аналардың келісімімен жүргізіледі, 2-ші доза 6 айдан кейін салынады.  Ең тиімді қорғаныс вакцинация. Оны жүзеге асырған мемлекеттерде жатыр мойны обыры 90%-ға төмендеді», — дейді Индира Кунбасова.

Облыстық көпсалалы клиника директоры орынбасарының айтуынша, осы жылдың 1 тоқсанының дерегі бойынша қатерлі ісікпен диспансерлік есепте 7000-нан астам пациент тұр. Олардың ішінде жатыр мойны обыры бойынша 557 әйел тіркелген.

 

 

Related Posts

Жетісу облысы

Заңнамадағы өзгерістер: отбасылық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес және вейптарға тыйым салу

Өңірлік коммуникациялар қызметінде БАҚ өкілдерімен баспасөз мәслихаты ұйымдастырылып, Заңнамадағы елеулі өзгерістер туралы талқыланды. Жетісу облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасұлан Байкенов әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қорғауға бағытталған маңызды
Жетісу облысы

Жетісуда тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша халықпен ақпараттық-ағарту жұмыстары қорытындыланды

Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы өнімнің сапасы мен қауіпсіздігі бойынша жүргізілген сараптамалық жұмыстың нәтижелері туралы халықты ақпараттандыру бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру шеңберінде еліміздің барлық аймағында «Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын
Жетісу облысы

Текелі қаласында 15 апатты үй тіркелген

Текелі қаласының әкімі Алмас Әділдің айтуынша, бұл мәселе кезең-кезеңімен шешілуде. Биыл Текелі қаласында 470 млн.теңгеге 48 пәтер сатып алу жоспарлануда. Бүгінгі таңда 11 пәтер сатып алынды. Биыл төтенше жағдайлардың алдын
Жетісу облысы

СУ ТАСҚЫНЫНА ДАЙЫНДЫҚ: Жетісу облысында су тасқынына қарсы жұмыстар күшейтілді

Жетісу облысында 8-12 наурыз күндері ауа температурасының күрт көтерілуі және қардың қарқынды еруі нәтижесінде 12 су басу фактілері тіркелді. 9 жергілікті су басу жағдайларынан Алакөл ауданының Қабанбай, Ақтүбек, Бескөл станциясы,