Жетісу облысыҚоғам

«Мемлекеттік статистика туралы» Заңға өзгерістер енгізілді

«Мемлекеттік статистика туралы» Заңға өзгерістер енгізілді. Енді респонденттер уақытылы есеп бермесе, әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Оған қоса статистикалық деректердің дәйексіздігі анықталған жағдайда 1 жұмыс күні ішінде түзету енгізуі қажет. Бұл туралы ұлттық статистика бюросының Жетісу облысы бойынша департаментінің басшысы Марат Букенов баспасөз-мәслихатында айтты.

Енді респонденттердің бастапқы статистикалық деректерді ұсыну кестесінде көрсетілген мерзім ішінде есеп уақтылы тапсырылмаса, профилактикалық бақылаусыз-ақ, респонденттер айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке бірден тартылатын  болады.

«Бастапқы  статистикалық деректердің дәйексіздігі анықталған жағдайда, респонденттерге статистикалық нысандарға түзетулер енгізу қажеттілігі туралы хабарлама жіберіледі. Түзетулер енгізу статистикалық нысанды қайта ұсыну немесе деректердің дұрыстығын растау бойынша қосымша ақпарат беру арқылы бір жұмыс күні ішінде жасалуы тиіс. Респонденттердің бастапқы статистикалық деректерді бұрын ұсынғанын көрсететін дәлел жеткілікті болған кезде әкімшілік құқық бұзушылық бойынша іс қозғалады», — деп түсіндірді департамент басшысы.

Аталған  өзгерістер БАҚ беттерінде жарияланған күннен 60 күн өткен соң, биылғы жылдың 8 маусымынан  бастап күшіне  енеді.

Спикер барлық респондентті статистикалық есептерді белгіленген мерзім ішінде тапсыруға және себеп-салдарын алдын алу үшін сенімді деректерді ұсынуға шақырды. Сондай-ақ, статистика мәселелері туындаған жағдайда Ұлттық статистика бюросының 1446 бірыңғай нөміріне тегін хабарласып ақпарат алуға болатынын жеткізді.

Related Posts

Жетісу облысы

101 ЖАСТАҒЫ КЕЙУАНА ДАУЫС БЕРДІ

Алакөл ауданы Жайпақ ауылының тұрғыны 101 жастағы кейуана Мәрзия Абдрахманова да өз таңдауын жасады. Апамыз кез-келген сайлаудан қалыс қалмай азаматтық парызы ретінде өзіндік үлесін қосып келеді. – Еліміздегі саяси науқаннан
Жетісу облысы

Жетісу облысында сейсмикалық жаттығулар күшейтілді

Оқу-жаттығулар мен жақсы теориялық дайындық табиғи және техногендік сипаттағы апаттар кезінде өзіңізді және жақындарыңызды құтқарудың негізгі құрамдас бөлігі. Бір ай бұрын 23 қаңтарда болған жер сілкінісінен Алматы қаласы мен оған
Жетісу облысы

ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫ: Су шаруашылығы мамандарын оқыту көзделуде

Жетісу облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында «Қазсушар» РМК Жетісу облысы филиалының директоры Саят Құдайбергенов пен Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Балқаш-Алакөл бассейндік инспекциясы басшысының міндетін атқарушы Медет
Жетісу облысы

«QOLDAU»: жазасын өтегендер жандар үшін жаңа мүмкіндік

Жетісу облысында «QOLDAU» әлеуметтік жобасы бастау алды. Бұл жоба бас бостандығынан айырылған азаматтарға көмек көрсетуге бағытталған. Жоба жоспарлары мен жасалатын жұмыстары туралы өңірлік коммуникациялар алаңында өткен баспасөз брифингінде Талдықорған қалалық