Жетісу облысы

«QOLDAU»: жазасын өтегендер жандар үшін жаңа мүмкіндік

Жетісу облысында «QOLDAU» әлеуметтік жобасы бастау алды. Бұл жоба бас бостандығынан айырылған азаматтарға көмек көрсетуге бағытталған. Жоба жоспарлары мен жасалатын жұмыстары туралы өңірлік коммуникациялар алаңында өткен баспасөз брифингінде Талдықорған қалалық пробация бөлімінің инспекторы, әділет аға лейтенанты Айжан Сарсенова мен жоба менеджері Айдос Құлатай баяндады.
«QOLDAU» жобасы «Жас Ұрпақ» жастар қоғамдық бірлестігінің басым бағыттарының бірі. Жоба мақсаты – есепте тұрған бас бостандығынан айыру орындарынан шыққан адамдардың әлеуметтендіру, кәсіптік білім деңгейін көтеру, оларды қоғамдық ортаға бейімдеу және заңгерлік, психологиялық қолдау қызметтерін үйлестіру болып табылады.
«Қылмыстың қайталану фактісін болдыртпау мақсатында жыл басынан есепте тұрған азаматтардың қатысуымен 3 бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Нәтижесінде 37 азамат жұмыспен қамтылып, олардың 16 квота бойынша қызметке орналасты. Алдағы уақытта пробация бөлімі «QOLDAU» әлеуметтік жобасы аясында қоғамдық ұйыммен тығыз байланыс орнатып, бас бостандығынан айырылған азаматтарға қолдау жұмысын жалғастырады», — дейді әділет аға лейтенанты Айжан Сарсенова.
Жоба үйлестірушісінің айтуынша, уәкілетті органдардың, коммерциялық емес ұйымдардың кемінде 30 өкілінің қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырылады. Жұмыстандыру жәрмеңкелері барысында кемінде 10 адам тұрақты жұмыспен қамтылмақ.

Related Posts

Жетісу облысы

Жетісу облысында жаңа су шаруашылығы нысандарын салу жоспарлануда

Облыста  жаңа  су шаруашылығы нысандарын салу, ирригациялық желілерді қалпына келтіру  және реконструкциялау жөнінде іс-шаралар қабылдау мәселелері көзделіп отыр. Атап  айтсақ,  Ақсу ауданында Биен өзеніндегі су қоймасының құрылысы, Ескелді ауданында «Балықты»
Жетісу облысы

Жетісу облысында 102 жастағы кейуана дауыс берді

12 құрсақ көтерген әже қарттығына қарамастан еліміздегі әр саяси оқиғада белсенділік танытады. Панфилов ауданы, Жаркент қаласының тұрғыны Зейнелхан Оспанова еліміз үшін аса маңызды күнде қаладағы дауыс беру учаскесіне өзі келіп,
Жетісу облысы

«Мектепке жол» акциясы бойынша 16 мыңнан астам балаға көмек көрсетіледі

1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында  аз қамтылған, көп балалы, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына дайындық кезінде материалдық қолдау көрсету мақсатында «Мектепке жол» республикалық акциясы ұйымдастырылады.
Жетісу облысы

С начала года в области зарегистрировано 245 загораний

Вместе  с тем в степных массивах зарегистрировано 42 загораний, также 4 лесных пожара. В связи с этим в рамках обеспечения пожарной безопасности в пожароопасный период проведена корректировка региональной группировки сил