Жетісу облысы

101 ЖАСТАҒЫ КЕЙУАНА ДАУЫС БЕРДІ

Алакөл ауданы Жайпақ ауылының тұрғыны 101 жастағы кейуана Мәрзия Абдрахманова да өз таңдауын жасады.

Апамыз кез-келген сайлаудан қалыс қалмай азаматтық парызы ретінде өзіндік үлесін қосып келеді.
– Еліміздегі саяси науқаннан менің де қалыс қалғым келмеді. Сондықтан, референдум комиссиясына өтініш білдіріп, сайлауды көзіммен көріп қатысайын деп шештім. Менің даусымның аз да болса, еліміздің өркендеуіне себі тиер деп ойлаймын. Мен келешек үшін дауыс бердім, – дейді ғасыр жасаған кейуана.

Апамыз 9 баладан 20 немере, 20 шөбере сүйіп отырған бақытты әже.

Алакөл ауданы

Related Posts

Жетісу облысы

Сан алуан ұлт өкілдері бірліктің үлгісін көрсетті

Ынтымағы мен ырысы жарасқан Текелі қаласында тұратын сан алуан ұлт өкілдері республикалық референдумға белсенділікпен қатысып, «Болашақ үшін дауыс береміз!» деп ұран тастады. Қазақ, орыс, неміс, татар, өзбек, кәріс ұлтының өкілдері
Жетісу облысы

Жетісуда «Мигрант» профилактикалық шарасы бойынша 249 шетелдік жауапкершілікке тартылды

Көші-қон заңнамасын бұзудың жолын кесу үшін 11-15-ші наурыз аралығында елімізде «Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті. Полиция қызметкерлері шетелдіктердің тұратын жерлерін, құрылыс обьектілерін, базарлар мен жалдамалы жұмысшыларды пайдаланатын ұйымдарды және жұмыс берушілерді
Жетісу облысы

«Alakol Fest – 2024»: Алакөл көлінің жанындағы керемет жазғы оқиға!

20 шілдеде Жетісу облысы, Алакөл ауданы, Ақши ауылында көптен күткен ашық аспан астындағы «Alakol Fest – 2024» музыкалық фестивалі өтеді. Бұл іс-шара Алакөл көлінің жағасында демалуға және жазғы кештерден ләззат
Жетісу облысы

Жетісу облысы: Биыл өнеркәсіп өнімінің көлемін 343,6 млрд. теңгеге дейін жеткізу жоспарлануда

Облыстың кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Бақытнұр Бақытұлының мәліметінше, өткен жылы 4,4% өсіммен 320,6 млрд. теңгеге өнеркәсіп өнімі өндірілген. Сондай-ақ, облыстың өнеркәсіптік өндірісіне 540 өнеркәсіптік кәсіпорын тартылғанын атап өткен