Жетісу облысыҚоғам

ЕЛ БОЛАШАҒЫ ҮШІН ЖАСАЛҒАН МАҢЫЗДЫ ҚАДАМ

Азаттықтың ақ таңы атқан елде өмір сүру – ең үлкен бақыт. Себебі адамға тәуелсіздіктен, азаттықтан, бостандықтан асқан  қымбат қазына жоқ. Осынау Тәңірдің берген тәтті сыйының, қымбат қазынасының бағасын асырып жүрейік дегім келеді.

Референдум – бұл еліміздегі ең өзекті деген мәселелерді халық болып шешудің бірден бір тетігі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев референдум өткізудің еліміздің болашағы үшін жасалған маңызды қадам екенін ерекше атап өткен болатын. Біз де бұл қадамның нық болуына бір кісідей атсалысамыз. Еліміздегі маңызды мәселелерді өзгертуге әрине референдум ерекше ықпал ететіні анық.

Қазақстан – дамушы ел. Бағындырған биігінен бағындырар биігі көп.  Сол биікке қол жеткізу үшін бәріміз атсалысуымыз қажет. Бәріміз де еліміздің ғылыми-техникалық прогреспен қатар дамығанын қалаймыз. Атом электр станциясы осы мүмкіндіктерді айтарлықтай кеңейтеді. Бұл – уақыт талабы және бұл мәселеде жайбасарлық танытуға болмайды. Дана халқымыз «Көппен біткен іс берекелі» деп текке айтпаған. Сондықтан да ел болашағы үшін, ертеңгі кемел келешек үшін біз бірігіп әрекет етуіміз керек. Бүгінгі референдумда өз таңдауын жасауға әрбір қазақстандық  азамат атсалысқаны абзал.

Жалпы, референдумның ықпалы қазіргі таңда әлем бойынша дамыған демократиялы мемлекеттерде қолдау алады. Жер тағы да басқа мәселелер болсын жоғарыда айтып өткендей АЭС болсын жалпы осы халықтың санасымен санасу соған осындай халықтан дауыс болды, осындай көрсеткіштер көрсетілді деп әлемдік аренада да басқа елдерге халықтың пікірін көрсете алуы нағыз демократиялық елдерде қалыптасқан жағдай. Сондықтан да бұл референдум Қазақстанда  белгілі бір мәселелерді шешуге өз әсерін береді деп нық сеніммен айтуға болады.

Референдумның негізгі мақсаты – халықтың, қоғамның билікке деген сенімі. Сол сенімге селкеу түсірмей, демократияны арттыру. Мұнда Қазақстанның әрбір азаматы Конституциялық құқығын қолданып, осы елдің азаматы ретінде өз даусының маңызын сезінуі аса маңызды рөл атқарады. Референдум осы мақсатқа жасалады. Біз референдумды еліміздегі ішкі жағдайларға қатысты жасаймыз. Кейбір Татарстан, Қарақалпақстан елдерінде референдум Тәуелсіздік алу бағытында жүріп жатады. Бірақ олар қазіргі таңда әлі референдум енгізе қойған жоқ. Сондықтан да тыныш заманда бірлігіміз бен берекемізді асырып, ауызбірлікте осынау қадамды бәріміз бірге жасауға атсалысайық.

Жомартқали ЖЕКСЕМБИНОВ,
Мемлекет және қоғам қайраткері,
АЭС құрылысын қолдау жөніндегі Жетісу облыстық халықтық штаб мүшесі,
партия ардагері

Related Posts

Жетісу облысы

Текеліде энергетиктер отбасы дауыс берді

Текелі қаласында тұратын бір әулеттегі энергетиктердің үш ұрпағы бүгінгі республикалық референдумда дауыс берді. Евгений Валерьевич Голев пен оның ұлы Анатолий Евгеньевич Голев екеуі де «Текелийский энергокомплекс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде жұмыс
Жетісу облысы

Жетісу облысында Коммуналдық қызметтерге тарифтер қалай өзгерді?

Тарифті инвестицияларға айырбастау» бағдарламасын іске асыруды жалғастыруға байланысты 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап тарифтердің бағасы өзгерді. Мәселен, «Талдықорғанжылусервис» МКК-ның кәсіпорын бойынша орташа тарифі 12 891,88 теңге/Гкал ҚҚС есебіне жетті. «ТАТЭК»
Жетісу облысы

TEMIRADAM атанған Бақытжан Бектенов өз таңдауын жасады

Бақытжан Байтайұлының Бектенов Қазақстанның TEMIRADAM атағының иегері Қарабұлақ ауылындағы №119 дауыс беру учаскесіне келіп өз тандауын жасады. «Бүгін мемлекетіміз үлкен қадам жасар алдында тұр. Мен Қазақстан Республикасының азаматы ретінде өзімінің
Қоғам

Талдықорғанда контрафактілік өнімдер анықталды

Әділет департаментінің қызметкерлері жыл басынан бері «Контрафактілікке жол жоқ!» республикалық акциясы аясында Талдықорған қаласындағы ірі сауда орындарына 6 тексеру жүргізді. Нәтижесінде 100-ге жуық контрафактілік өнім сатылымнан алынып, сауда нүктелерінің иелері