Жетісу облысыҚоғам

Жетісу облысында Коммуналдық қызметтерге тарифтер қалай өзгерді?

Тарифті инвестицияларға айырбастау» бағдарламасын іске асыруды жалғастыруға байланысты 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап тарифтердің бағасы өзгерді. Мәселен, «Талдықорғанжылусервис» МКК-ның кәсіпорын бойынша орташа тарифі 12 891,88 теңге/Гкал ҚҚС есебіне жетті. «ТАТЭК» АҚ-ның кәсіпорын бойынша орташа тарифі 11,96 теңге/кВтсағ ҚҚС есебін көрсетті. «Жетісу су құбыры» МКК-ның сумен жабдықтау қызметіне орташа тарифі 1м3 үшін 169,05 теңге, бұрын қолданыста болған тарифтен 4,37 теңгеге немесе 2,60% өзгеріс болды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі ақпараттық алаңында ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің облыс бойынша департаментінің басшысы Арман Сағымбеков пен «Жетісу Энерготрейд» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Манар Абдамбаев және облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының энергетика және инфрақұрылымдық даму бөлімінің басшысы Ернар Елуханов айтып берді.
«2023 жылғы Үкімет енгізген өзгерістерге сәйкес, егер коммуналдық қызметтерге жұмсалатын сома отбасының немесе азаматтың бір айдағы жиынтық табысының 10%-нан асатын болса, тұрғын үй көмегі беріледі. Бұрын бұл көрсеткіш әр өңірге байланысты 2-20% аралығында болған. Бұл ретте әкімдіктер рұқсат етілген шекті деңгейді 10%-дан төмендетуге құқылы. Мысалы, егер отбасының немесе азаматтың бір айдағы жиынтық табысы 100 мың теңгені, ал коммуналдық қызметтерге жұмсалатын шығыны 15 мың теңгені құраса, онда азаматтың жергілікті бюджет қаражаты есебінен өтем алуға құқығы бар. Үкімет бекіткен түзету болашақ тұрғын үй көмегін алушыларды қамтуды кеңейтуге және аз қамтылған азаматтарға қаржылық жүктемені азайтуға бағытталған», — деді Арман Сағымбеков.
Сондай-ақ, «Жетісу Энерготрейд» ЖШС директорының айтуынша, электр энергиясымен жабдықтау бүкіл облыс бойынша жүзеге асырылады. Айта кету керек, көрсетілетін қызметтері үшін энергия беруші ұйымдарда тарифтерін көтерді. «ТАЭТК» АҚ желілері бойынша жеткізу 1 кВт*сағ. үшін 8,76 теңгеден 10,68 теңгеге өсті. «KEGOC» АҚ желілері бойынша транзит қызметтері 1 кВт.сағ. үшін 1,943 теңгеден 2,002 тенгеге өсті. Жетісу облысының басқа да энергия беруші ұйымдары көрсететін қызметтеріне тарифтерін көтерді.

Related Posts

Жетісу облысы

Қорғас: Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда, экономикалық және туристік орталық

Қорғас –  Қазақстан  мен  Қытай арасындағы сауда-саттықтың орталығы болып келеді. Әсіресе, соңғы он жылдағы даму қарқыны таңғалдырмай қоймайды. Екі ел шекарасындағы шағын қала қазір заманауи сауда-саттық, технологиялық  даму және туристік
Жетісу облысы

Балалардың құқықтарын қорғауды басымдықта нығайту: Қазақстан зорлық-зомбылықпен күресуге және құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде

Қазақстандағы соңғы оқиғаларды ескере отырып, балалардың құқықтарын қорғау мемлекеттік органдардың назарында қалатынын атап өту маңызды. Қазақстан өзінің әлеуметтік-құқықтық саясаты шеңберінде балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды басым міндеттердің бірі ретінде таниды.
Қоғам

Жетісудағы «Азаматтарға арналған үкімет» миллионға жуық мемлекеттік қызмет көрсетті

2018 жылдың мамыр айында халыққа қызмет көрсету, жылжымайтын мүлік, жер кадастры ғылыми-өндірістік және зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтары біріктіріліп, ««Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы болып қайта
Қоғам

AMANAT: Алматы облысында 54 млрд теңгеге 15 инвестициялық жоба іске асырылды

Партияның «Халықпен бірге!» өңірлік сайлауалды бағдарламасының Жол картасындағы міндеттерінің бірі – өңір жұртшылығының табыс көзін арттыру. Сонын аясында жыл басынан бері 54 млрд теңгеге 15 инвестициялық жоба іске асырылды, 562