Жетісу облысыСайлау

Қорғас: Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда, экономикалық және туристік орталық

Қорғас –  Қазақстан  мен  Қытай арасындағы сауда-саттықтың орталығы болып келеді. Әсіресе, соңғы он жылдағы даму қарқыны таңғалдырмай қоймайды. Екі ел шекарасындағы шағын қала қазір заманауи сауда-саттық, технологиялық  даму және туристік орталыққа айналды. Соның арқасында бір кездері базардағы сауда нүктелерінің орнына алып сауда үйлері бой көтерген. Ал тауар түрі де, келушілер саны да күн санап өсіп келеді. Бұған «Визит Жетісу» туристік ақпараттық орталығының ұйымдастырған ақпараттық-турында көзіміз жетті.

Ерекше сауда орталықтары мен дәстүрлі жәрмеңкелер, мәдени орталықтар – Қорғастың туристер арасында танымал бағыттың біріне айналуына сеп болып отыр. Сондай бір ғимараттың бірі – Қытай мәдениет үйі, басқаша «Қызыл ғимарат» деп те аталады. Мұнда келушілер ежелгі  қытай мәдениетімен жақынырақ таныса алады.

Аспанасты елінің тарихы тереңде жатқандықтан, оның бәрін бір мәдени орталыққа сыйғызу мүмкін емес. Сондықтан мұнда тарихтағы ең маңызды дүниелер қамтылған. Ғимарат сонымен қатар, тек мұражай ретінде ғана емес, маңызды баспасөз-мәслихаттарын өткізуге де арналған.

 

Related Posts

Жетісу облысы

Школа программирования Яндекса открывает набор учеников

Учащихся 8-11 классов имеют прекрасную возможность поступить на отличный курс, пройти качественное обучение и стать сертифицированным программистом. Курс, разработанный профессиональной командой, позволит каждому стать обладателем качественного уровня объектно-ориентированного программирования и
Жетісу облысы

Жетісу облысындағы экологиялық жағдай тұрақты

Талдықорған мен Текелі қалаларындағы ауаның ластану деңгейі төмен, ал 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында шығарылған зиянды қалдықтардың көлемі 9,7 мың тоннаға жетті. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында мемлекеттік
Жетісу облысы

Талдықорғандағы Назарбаев Зияткерлік мектебі жаңа білімгерлерді күтеді

Жетісу облысы Бейсен Құранбек атындағы журналистер үйіне Назарбаев зияткерлік мектебі оқу-ісі жөніндегі орынбасары Қайсар Нұрбек пен аталған мектептің 10 сынып оқушысы Ділназ Бурахан келіп, жаңа оқу жылына арналған білім беру
Жетісу облысы

Текеліде энергетиктер отбасы дауыс берді

Текелі қаласында тұратын бір әулеттегі энергетиктердің үш ұрпағы бүгінгі республикалық референдумда дауыс берді. Евгений Валерьевич Голев пен оның ұлы Анатолий Евгеньевич Голев екеуі де «Текелийский энергокомплекс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде жұмыс