Жетісу облысыҚоғам

Талдықорғандағы Назарбаев Зияткерлік мектебі жаңа білімгерлерді күтеді

Жетісу облысы Бейсен Құранбек атындағы журналистер үйіне Назарбаев зияткерлік мектебі оқу-ісі жөніндегі орынбасары Қайсар Нұрбек пен аталған мектептің 10 сынып оқушысы Ділназ Бурахан келіп, жаңа оқу жылына арналған білім беру гранты жайлы әңгіме өрбітті.
«Өмір бойы білім алуға, жаһандық және сандық әлемдегі өзгерістерге дайын, адами қасиеті жоғары, зиялы және бәсекеге қабілетті тұлғаның сәтті дамуына ықпал ету – біздің басты миссямыз.», — деп бастады баяндамасын оқу-ісі жөніндегі орынбасар.
Облыс орталығындағы айтылған мектеп биылғы жылдың 8-ші қаңтарынан бастап 10-шы ақпанына дейін физика – математика бағыты бойынша 2024-2025 оқу жылына орай Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің «Өркен» білім беру грантына конкурс жариялайды.
«Білім беру грантын тағайындау 7-ші сынып оқушылары үшін қарастырылған. Үміткерлер комплекстік тестілеуден наурыз айының 28-і және 29-ы күндері өтеді. Құжат қабылдау орындары мен конкурстың өту шарттары туралы толық ақпаратты www.nis.edu.kz веб-сайтындағы «Оқуға түсу» — «Конкурс жөнінде хабарлама» бөлімінен алуға болады.», — дейді Қайсар Нұрбек.
Ділназ Бурахан мектебі жайында:
«Бүгінгі күні NIS-бағдарламасы A/As-level (Ұлыбритания), O-Level (Сингапур), Халықаралық Бакалавриат сияқты көптеген халықаралық бағдарламалармен салыстыруға болатын қазақстандық бренд болып табылады. Оқу қабырғасын тәмәмдағаннан кейін мен 12-сыныптың сертификатының нәтижесіне қарай 3 жылдық бакалавриат бағдарламасына түсуге мүмкіндігім пайда болады. Біздің білім ошағымыздың сертификатын халықаралық ұйымдар мен білім туралы сертификаттарды тану жүйелері (NARIC, ANABIN, UCAS, NUFFIC) және бакалавриат бағдарламаларына (Ұлыбритания, Оңтүстік Корея, Нидерланды) тікелей қабылдау үшін жетекші шетелдік университеттер (Германия, Гонконг, Жапония, Австралия, Жаңа Зеландия және т.б.)мойындайды. Сол себепті Назарбаев зияткерлік мектебінде оқудың оңтайлы тұстары көп», — дейді баяндама соңында.

Related Posts

Жетісу облысы

Елімізде Еуропалық иммундау апталығы басталды

Елімізде сәуір айының 21-27 аралығында Еуропалық иммундау апталығы өтеді. Шара «Вакциналар: өткен, қазіргі және болашақ ұрпақ үшін денсаулықты қорғау» ұранымен ұйымдастырылады. Апталықтың мақсаты – вакциналарға тең және кең қол жетімділіктің
Жетісу облысы

Талдықорғандағы Pizza Pitch: Назарбаев Зияткерлік мектебі оқушыларының жетістігі

Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары Arduino платформасында бағдарламалауды оқытуға арналған инновациялық қосымшаны ұсына отырып, Рizza Pitch стартап-жобалар байқауының жүлдегерлері атанды. Іс-шараның форматы әдеттен тыс және қызықты болды. IT-Hub JETISU
Жетісу облысы

Саяси науқанды тәуелсіз бақылаушылары назарда ұстауда

Ілияс Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында орналасқан №389 референдум учаскесіндегі саяси науқанды «Бақылау қырандары» тәуелсіз бақылаушылары жіті назарда ұстауда. Аталмыш ұйым өкілі Дәулет Сағынай учаскеде ешқандай заң бұзушылық орын алмағанын алға