Жетісу облысы

БАРШАҒА ОРТАҚ ІС

Тәуелсіз тарихымыздың жаңа парағын ашқалы тұрған осы шақта Қазақстанның азаматы ретінде үн қосу, дауыс беру баршаның ортақ ісі. Бұл дүниеден қалыс қалуға бола ма? Әрине, жоқ. Ел талқысына түскен, халқының шешімімен ғана жүзеге асатын дүниеден сырт қалу, елдікке, сол елдің ертеңіне бей-жай қарау деген сөз.

Мен де таңмен таласа тұрып, ел азаматы ретінде өз дауысымды бердім. Өнер мен өмір жолында ғұмырымыз, тұғырымыз ортақ болған аяулы жарым, Қазақстанның Халық әртісі Алмахан Кенжебекова екеуміз Талдықорған қаласындағы №420 дауыс беру учаскесіне өз таңдауымызды жасадық.

Осы орайда сахна саңлағы, өнер адамы ретінде бір дүниені ашық айтқым келеді. Елдің алқауынан қуат алып арқаланған, халық шарапаты мен шұғыласына шомған соң жұрттың баласына айналдық. Сол ақеділ көңілді, ақкөкірек, жомарт қазақтың перзентіміз деп мақтанамыз, марқаямыз. Дәл осы шақта орайы келген ойды тарқатудың еш әбестігі жоқ деп санаймын. Ол – Президент саясаты. Не үшін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың саясаты деп отырмын, өйткені көреген басшымыз күні кешегі Жолдауында Атом электр стансысын салу, салмауды елдің талқысына тастады. Халық референдум арқылы Отанымызда Атом электр стансысы салына ма, салынбай ма өзі шешеді. Бұл деген «Елім нені қалайды сол жолмен жүреміз. Кез келген келелі мәселені жалпыхалықтың науқан арқылы анықтаймыз» деген сөз емес пе?! Ендеше, сарабдал саясатты, жалпыхалықтың референдумды түсініп, әрбір адам бұл науқаннан қалыс қалмауы керек деп санаймын.

Кендебай ТЕМІРБАЙҰЛЫ,

ҚР Еңбек сіңірген қайраткері,

Б. Римова атындағы Талдықорған драма театрының актері

Related Posts

Жетісу облысы

Күзде адам папилломавирусына қарсы вакцинация басталады

2024 жылы адам папилломавирусына қарсы вакцина Ұлттық вакцинация күнтізбесіне енгізілді. Бұл аурудан қорғаудың тиімді әдісі. Екпені Жетісу облысындағы 11-14 жасар 6000-ға жуық қыз балаға егу жоспарлануда. Шара осы жылдың күзінде
Жетісу облысы

«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» жобасы жүзеге асып жатыр

Жетісу облысында биыл біршама медициналық нысанның құрылысы басталады. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Арман Жансеңгіров Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында өткен брифингте хабарлады. Денсаулық сақтау саласы үшін халыққа
Жетісу облысы

Дүниежүзілік аутизм мәселесі туралы ақпарат тарату күні. Аутизм — үкім емес

2 сәуір – Дүниежүзілік аутизм туралы ақпаратты тарату күні. Бұл күн БҰҰ шешіміне сәйкес, 2008 жылдан бастап әлемде аутизммен ауыратын балалар мен ересектердің проблемаларына қоғам назарын аудару мақсатында Аутизм туралы
Жетісу облысы

Талдықорғандағы Назарбаев Зияткерлік мектебі жаңа білімгерлерді күтеді

Жетісу облысы Бейсен Құранбек атындағы журналистер үйіне Назарбаев зияткерлік мектебі оқу-ісі жөніндегі орынбасары Қайсар Нұрбек пен аталған мектептің 10 сынып оқушысы Ділназ Бурахан келіп, жаңа оқу жылына арналған білім беру