Жетісу облысыМедицина

Дүниежүзілік аутизм мәселесі туралы ақпарат тарату күні. Аутизм — үкім емес

2 сәуір – Дүниежүзілік аутизм туралы ақпаратты тарату күні. Бұл күн БҰҰ шешіміне сәйкес, 2008 жылдан бастап әлемде аутизммен ауыратын балалар мен ересектердің проблемаларына қоғам назарын аудару мақсатында Аутизм туралы ақпарат тарату күні болып атап өтіледі. Бұл туралы Жетісу облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында облыстық психикалық денсаулық орталығы директорының Психиатриялық қызмет жөніндегі орынбасары Сеилхан Жұмабеков пен облыстық психикалық денсаулық орталығының балалар психиатр-дәрігері Дидар Аушинов баяндады.
«Балалық аутизм – бұл 3 жасқа дейінгі жастық кезеңде білінетін, ауытқымалы және бұзылған дамудың болуымен, әлеуметтік өзара іс-қимыл, қарым-қатынастың және шектеулі, қайталанатын мінез-құлықтың барлық үш саласында ауытқымалы қызмет етуімен айқындалатын дамудың жалпы бұзылуы. Аутизм спектрінің бұзылуының (АСБ) себептері туралы бірыңғай тұжырымдама жоқ. Қазақстанда және бүкіл әлемде сырқаттанушылықтың өсуінен, денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қорғау ұйымдарының белсенді өзара іс-қимыл жасау қажеттілігіне байланысты АСБ аса өзекті болып отыр», — деді Сеилхан Абдрахманұлы.
ДДҰ статистикасы бойынша әлемде 10 миллионнан астам адам аутизммен ауырады. Бірнеше онжылдықтар бұрын аутизм спектрінің бұзылуы бар 10 000 адамға бір адамнан келетін. Жыл сайын олардың саны 11-17 пайызға артып келеді. Бүгінде жер шарындағы әрбір жүзінші адам аутизммен ауырады.
«Жетісу облысының статистикасына сүйенетін болсақ, диспансерде аутизм және аутизм спектрінің бұзылуы диагнозы бар науқастардың саны өткен жылмен салыстырғанда 30%-ға өскен. 2023 жыл дертке шалдыққандар 167 болса, биыл жыл басынан бері 217-ге жетті. Диспансерде тіркелген 217 науқастың 170-інде мүгедектік тобы бар, олардың 149-ы 0-ден 14 жасқа дейінгі балалар», — деді Дидар Ерболатұлы.
Мамандар бұл туралы тек осы күні ғана айтпай бұл туралы ақпаратты әркез біліп жүрген абзал дейді. Сондықтан атаулы күнге орай Талдықорған қаласының орталығындағы арбатта «Аутизм туралы не білуіміз керек?» тақырыбында кітапшалар таратылды. Одан бөлек облыстық психикалық денсаулық орталығында аутизм спектрінің мәселелері бойынша ашық есік күні ұйымдастырылды.

Related Posts

Жетісу облысы

Декларация тапсырмаған азаматтар айыппұл төлейді

Облыс орталығында жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезеңі жүріп жатыр. Оған  жыл басынан бері мемлекеттік қызметкерлер мен олардың жұбайлары қатысуда. Басты  мақсат  –  әділ салық салуды қамтамасыз ету, жеке тұлғалардың кірісін
Жетісу облысы

ҮШЕМНІҢ АТА-АНАСЫ ДАУЫС БЕРДІ

Алдабергенов ауылдық округінде тұратын Имангабуловтар отбасында 2020 жылы үшем дүниеге келді. Имангабулов Айдос пен Имангабулова Маржан бір күннің ішініде көпбалалы отбасылардың қатарына қосылды. Бұл отбасыда алдында екі баласы болған. Имангабуловтар
Жетісу облысы

Жетісу облысында жыл сайын қан айналымы жүйесі ауруларының 25 мыңға жуық жағдайы тіркеледі

2024 жылдың бірінші жартыжылдығында осы аурулардан болатын өлім-жітімнің өсуі байқалды. Жыл сайын бұл көрсеткіш артып келеді. Жүрек жеткіліксіздігінің өсуін азайту үшін дәрігерлер басқа елдердің мамандарымен тәжірибе алмасады. Жыл басынан облыстық
Жетісу облысы

Жетісу облысында 102 жастағы кейуана дауыс берді

12 құрсақ көтерген әже қарттығына қарамастан еліміздегі әр саяси оқиғада белсенділік танытады. Панфилов ауданы, Жаркент қаласының тұрғыны Зейнелхан Оспанова еліміз үшін аса маңызды күнде қаладағы дауыс беру учаскесіне өзі келіп,