Жаңалық

Алматы облысы бойынша 400-ге жуық бала аутизм дерті бойынша тіркеуде тұр

Биыл өңірде аутизмге шалдыққандар саны 25 пайызға ұлғайған.Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында «Облыстық психикалық денсаулық орталығы»ШЖҚ МКК директорының медициналық бөлім жөніндегі орынбасары Райгүл Тленова мәлімдеді.
Спикердің айтуынша, баланың бойынан байқалатын аурудың бірінші белгісі — қарым-қатынас қабілетінің болмауы. Сондай-ақ бала зер салмаса, есімін атағанда қарамаса, эмоциясын көрсетпесе,ата-ана мұны дабыл деп қабылдау керек. Мұндай қылықтарды баланың бойынан 1,5-2 жасында аңғаруға болады. Егер осындай белгілер байқалса, мамандарға жүгінген дұрыс.

Ақ халатты жандардың айтуынша, емдеу жолы беймәлім аутизмге шалдыққан балалардың саны жыл санап артып келеді.

«Қазіргі таңда аутизмге шалдыққан 391 бала, 6 ересек адам тіркеуде тұр. Бұл ретте «Қамқорлық» бағдарламасы аясында Жамбыл және Еңбекшіқазақ аудандарында ерте араласу және оңалту орталығы жұмыс істейді. Былтыр аутизмге шалдыққан 15 бала оңалтудан өткен. Бұдан бөлек, Талғар ауданында орналасқан «Облыстық психикалық денсаулық орталығы» жанынан аутизмге арналған қосыша кабинет ашу жоспарлануда»,-деді Райгүл Тленова.

Райгүл Тленованың сөзінше, аутизм диагнозы қойылған балалар қоғам және мемлекет қолдауына мұқтаж. Бүгінде БҰҰ шешіміне сәйкес, 2008 жылдан бастап 2 сәуір күні аутизм туралы ақпарат тарату күні аталып өтіледі.

Алматы облыстық ДСБ баспасөз қызметі

Related Posts

Жаңалық

Алматы облысының аумағында «Крещение Господне» православтық мерекесіне 15 ойық әзірленді

Христиан қауымның сенімі бойынша, 18-19 қаңтар күндері жер бетінде барлық су жаңарып, тазара түседі. Шіркеу қызметшісінің дұға оқылған,кірес батырылғын суға шомылған адамның рухы мен тәні тазарады. Десе де, дін қызметшілері
Жаңалық

Ақша үнемдей отырып 2024 жылға қалай сақтандырылуға болады?

2023 жыл да аяқталуға жақын. МӘМС жүйесінде сақтандырылып үлгермеген азаматтар бұл мүмкіндікті қалт жіберіп алмау керек. Олар желтоқсан айының соңына дейін жарна төлесе, жаңа жылмен салыстырғанда 9 000 теңге кем төлейді.