Жаңалық

Алматы облысының аумағында «Крещение Господне» православтық мерекесіне 15 ойық әзірленді

Христиан қауымның сенімі бойынша, 18-19 қаңтар күндері жер бетінде барлық су жаңарып, тазара түседі. Шіркеу қызметшісінің дұға оқылған,кірес батырылғын суға шомылған адамның рухы мен тәні тазарады. Десе де, дін қызметшілері бұл күні күнәдан тазарамын деп ауа райының суығына және денсаулық жағдайына қарамастан мұздай суға түсуге тыйым салады. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында Алматы облысы ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Ералы Разакулов пен Алматы облысының Дін істері басқармасының басшысы Ерғали Кошеке айтты.
Қазіргі таңда облыс аумағында 35 орыс православтық шіркеуі қызмет етуде. «Құдайға шоқыну» діни мерекесі кезінде шомылу үшін 15 орын бекітілді.
Спикерлердің айтуынша, шомылу рәсімі үш күн бойы жалғасады. Шомылу орындары тұтқалармен, баспалдақтармен және басқа да қауіпсіздік белгілерімен қамтылған. Барлық шіркеулерде жаппай шомылу кезеңінде Дін істері басқармасы, полиция, дәрігерлердің, сондай-ақ ТЖД қызметкерлерінің кезекшілігі ұйымдастырылады.

«Департамент тарапынан 80 құтқарушы мен қызметкер суға түсу кезінде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін болады. Бұдан басқа, азаматтық қорғау қызметкерлерінен 54 жеке құрам мен 29 бірлік техника жұмылдыратын болады»,-дейді Ералы Разакулов

ТЖД қызметкерлері азаматтардан шомылу кезінде келесі қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрайды:
— «Құдайға шоқыну» діни рәсімін құтқарушылар және жедел жәрдем дәрігерлері кезекшілік ететін арнайы жабдықталған орындарда ғана өткізу;
— шомылудан бұрын денені жылыту қажет;
— шомылу орнына ыңғайлы, тайғақ емес және оңай шешілетін аяқ киіммен келу;
— ми тамырларының тарылуын болдырмау мақсатында басты суламай, мойынға дейін ғана шомылу;
— алкогольді сусындар ішпеу;
— шомылғаннан кейін сүртініп, ыстық шай ішу;
— созылмалы аурулары бар адамдарға шомылу ұсынылмайды.

Related Posts

Жаңалық

Студенттерге МӘМС жүйесінің артықшылықтары түсіндірілді

Әрбір пациенттің шұғыл және кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсету жағдайларын қоспағанда, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсететін дәрігерді немесе
Жаңалық

2024 жылғы шомылу маусымы: Құтқару қызметі қалай жұмыс істеді?

  Шомылу маусымында Алматы облысында судағы қауіпсіздік шараларының нәтижелері айтарлықтай жақсарды. Өңірдегі су айдындарында адамдардың қаза болуын азайту мақсатында кең ауқымды жұмыстар атқарылып, бақылау күшейтілді. Бұл туралы Алматы облыстық Төтенше
Жаңалық

Алматы облысында 100-ден аса ойын терминалдары жойылды

Экономикалық тергеп-тексеру департаменті тұрғындарды құмар ойын бизнесімен күреске шақырады, деп хабарлайды Алматы облысы Өңірілік коммуникациялар қызметі. Спикердің айтуынша, Қазақстан Республикасында заңнамасына сәйкес ойын бизнесі объектілері Алматы облысының Қапшағай су қоймасының
Жаңалық

ТМККК пакетіне не кіреді?

Елімізде медициналық сақтандыру мәртебесіне қарамастан медициналық көмекті тегін алуға бола ма? Бұл туралы МӘМС қоры Алматы облыстық филиалының өкілдері мәлімдеді. Айтуларынша, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінде алуға болатын қызмет