Жетісу облысыҚоғам

Қазақстанда жол-көлік оқиғаларын «Европротокол» жүйесі бойынша тіркеу басталды

2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда полиция мен сақтандыру компаниясын шақырмай-ақ, «Европротокол» қосымшасы арқылы жол-көлік оқиғасын онлайн тіркеуге болады. Бұл туралы Жетісу облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі ақпараттық алаңында өткен БАҚ өкілдерімен кездесуде облыстық Полиция департаментінің өкілдері мәлімдеді.
Спикерлердің айтуынша, бұл тәжірибенің бірқатар артықшылықтары бар. Атап айтсақ, азаматтарға полицияны күтудің қажеті жоқ және «Еурохаттама» бойынша шағын жол-көлік оқиғасы үшін жүргізушілер бұдан былай әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды. Одан бөлек, сақтандыру төлемдерінің мерзімі қысқарады. Мәселен, бұрын 60 күнге дейін созылса, қазір шамамен 5 күн болады.
«Жол-көлік оқиғасы кезінде сақтандыру жағдайын реттеудің оңайлатылған тәртібін пайдалану шарттарымен апаттың қатысушылары полиция шақырмай және сот шешімінсіз декларация жасау арқылы жеделдетілген және оңайла-тылған түрде сақтандыру төлемін жасай алады», — деді Жетісу облысы ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Диас Айнақұлов.
Еске сала кетейік, «Еуро хаттаманы» жүзеге асыру үшін бірнеше шарттарды білу маңызды. Біріншіден, көлікке келтірілген залал сомасы 100 АЕК (369 мың теңгеден) аспау керек. Екіншіден, азаматтардың өміріне немесе денсаулығына зиян келмей, апатқа қатысушылардың екеуінде де қолданыстағы міндетті автосақтандыру полистері бар, екі көліктің қатысумен орын алған жол-көлік оқиғаларын онлайн тіркеуге болады.
«Жаңадан шығып отырған бұл қызмет халық үшін өте тиімді. Жол-көлік оқиғасын рәсімдеу үшін «Европротокол» мобильді қосымшасын көшіріп, авторизациядан өтеді. Орын алған апаттың күнін, уақытын және орнын көрсетіп, жол-көлік оқиғасына кінәлі адамның және жүргізушінің деректерін енгізеді. Төрт жағынан мемлекеттік нөмірі бар көше мен көлік құралының фотосуреттерін түсіріп, хаттаманы жібереді. Одан кейін 5 күн ішінде жүйеден растауды күтеді», — деп түсіндірді полиция майоры Саят Ибраимов.
Егер көрсетілген шарттардың бірі болмаса немесе жүргізушілер апаттың мән-жайы туралы келісе алмаса олар полиция қызметкерлерін шақыруға және белгіленген тәртіппен ЖКО ресімдеуге міндетті.

Related Posts

Жетісу облысы

Мектеп оқушылары және студенттерге арналған жаңа жоба жүзеге асырылады

Жетісу облысы қоғамдық даму басқармасының тапсырысы аясында өңірде «Студенттік және мектептік өзін-өзі басқаруды дамыту жөніндегі іс-шаралар кешені» жобасы іске асырылмақ. Қаржыландыру көлемі 22 млн. теңге, ал оған қамтылатын жастар саны
Қоғам

Қатерлі ісікке қарсы вакцина! Жетісу өңірінде онкодәрігерлер егілу арқылы қатерлі ісіктің өршуінің алдын алуды жоспарлап отыр.

Сүт безінің, жатыр мойнының және асқазанның қатерлі ісігі. Жетісу облысы осы үш онкологиялық аурудың алдын алу ықпалын жасамақ. 9 айдың қорытындысы бойынша өңірде ауруға шалдыққан 6685 адам тіркелді. Оның 1000-ға
Жетісу облысы

Жыл басынан Жетісу облысында табиғатты қорғау туралы заңнамасына қарсы 351 факт анықталды

Өңірде небәрі бір жарым айдың ішінде табиғатты қорғау туралы заңнама 351-рет бұзылған. Нәтижесінде 5 қылмыстық іс қозғалып, 346 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Осы жайында Бейсен Құранбек атындағы журналистер үйіне Жетісу
Жетісу облысы

Жетісу облысында 59 медициналық нысан салу жоспарланып отыр

Жетісу облысының денсаулық сақтау басқармасында 2024 жылы «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыру жоспарлануда. Оның шеңберінде 8 ауданда 59 Денсаулық сақтау объектісі іске қосылмақ. Бұдан бөлек, үш нысанды