Жетісу облысыҚоғам

Жыл басынан Жетісу облысында табиғатты қорғау туралы заңнамасына қарсы 351 факт анықталды

Өңірде небәрі бір жарым айдың ішінде табиғатты қорғау туралы заңнама 351-рет бұзылған. Нәтижесінде 5 қылмыстық іс қозғалып, 346 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Осы жайында Бейсен Құранбек атындағы журналистер үйіне Жетісу облысы полиция департаментінің табиғатты қорғау полициясының бастығы, полиция майоры Бағлан Рымжанов келіп мәлімдеді.

Мәселен, спикердің айтуынша, 1-29 ақпан аралығында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің тапсырмасына сәйкес экологиялық қылмыстарды ашу мақсатында «Браконьер» республикалық жедел-профилактикалық жұмыстары өткізілуде. Іс-шара аясында аталған заңнамаға қарсы 175 факт анықталып, олар бойынша 2 қылмыстық іс қозғалды.

«Жұмыс барысында 142 килограмм балық, 6 дана мүйіз (киік мүйізіне ұқсас), 400 метр моножіп анықталып, 9 құрал тәркіленді. 173 азаматқа 912 560 теңге айыппұл салынып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды», — деді Бағлан Рымжанов.

Бұл бағыттағы жұмыстар бақылауда және жалғасын табады, деп сендірді спикер.

Related Posts

Жетісу облысы

Жетісу облысында алимент төлей алмай жүрген әкелер жұмыспен қамтылды

2023 жылы әділет органдарына хабарласып, 4 мыңға жуық азамат тегін заң көмегін ала алды. Жетісу облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде БАҚ өкілдерімен кездескен Жетісу облысы Әділет департаментінің басшысы Ержан Еркеновтің айтуынша,
Қоғам

Биыл Алматы облысында білім беру нысандарын жөндеу үшін 12,1 млрд теңге бөлінді

Бұл туралы облыстық мәслихаттағы «AMANAT» фракциясының отырысында білім басқарма басшысының орынбасары Гүлсара Исағұлова мәлімдеді. 2023 жылы 14 (12 мектеп,1 мектеп жанындағы интернат, 1 балабақша) білім беру нысандарына күрделі жөндеу жұмыстарын
Жетісу облысы

Жетісу облысында 78 адам донорға мұқтаж

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлім болды. Баспасөз мәслихаты облыстық дәрігерлердің қатысумен  өтті. Мамандардың айтуынша, бүгінде елімізде 4 мыңнан астам адам ағза донорына мұқтаж. Жетісу облысында 72 адам
Жетісу облысы

Cыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасын іске асыру жүзеге асырылуда

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасында Жетісу облысының әлеуметтік тұрақтылығына әсер ететін, мемлекеттік органдардың атына халық тарапынан қоғамдық резонанс пен сынмен сүйемелденетін 9 бағыт айқындалған. Бүгінде оның 8-і қамтылып, өзекті мәселелерді оңтайландыру