Жетісу облысыҚоғам

Жетісу облысында алимент төлей алмай жүрген әкелер жұмыспен қамтылды

2023 жылы әділет органдарына хабарласып, 4 мыңға жуық азамат тегін заң көмегін ала алды.
Жетісу облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде БАҚ өкілдерімен кездескен Жетісу облысы Әділет департаментінің басшысы Ержан Еркеновтің айтуынша, облыс аумағында 110 нотариус, 121 қорғаушы, 270 заң кеңесшісі және 44 жеке сот орындаушылары қызмет етуде.
Сонымен қатар, сот орындаушылардың өңірлік палатасымен бірлесіп, алимент төлеуде қиындықтарға тап болған 163 облыс тұрғыны жұмыспен қамтылды. Зияткерлік меншік құқықтары саласында 6 субьектіге тексеріс жүргізіліп, 6 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Нәтижесінде бюджетке 400 мың теңгеге жуық айыппұл өндірілді.
«Құжаттарды қабылдау электроны түрде жүргізілуде. Алайда интернетке қосылу жылдамдығы төмен кейбір ауылдарда қағаз жүзінде жұмыс істеуге тура келеді. Сондықтан шалғай ауылдарға мамандар барып, құқықтық көмек көрсетеді. Осылайша 209 түрлі іс-шара өткізілді. Бұл қызметтер халық үшін мүлдем тегін. Әділет органдары ауыл тұрғындарына жер, отбасылық қатынастар, жылжымайтын мүлікті рәсімдеу салалары бойынша құжаттарды ретке келтіруге көмектесті. Жалпы облыс бойынша 21 мыңға жуық акт тіркелді. Оның ішінде: туу туралы — 12 911, қайтыс болу туралы — 4146, неке қию туралы — 3 338, некені бұзу туралы — 573. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» Жетісу облысының коммерциялық емес акционерлік қоғамының филиалы жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласында 61 мың өтінішті тіркеді. Оның ішінде өтініштердің 80 пайызға жуығы электронды түрде берілді», — деді департамент басшысы.

Related Posts

Қоғам

Талдықорғандағы NIS оқушылары үздік танылды

Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары «E-Kurultay» инновациялық жобасымен қалалық хакатон сайысында үздік танылды. Өнертабыс қалалық мәселелер бойынша өтініштерді беру және өңдеудің қарапайым және тиімді арнасын ұсына отырып, азаматтардың жергілікті
Жетісу облысы

Мектеп оқушылары және студенттерге арналған жаңа жоба жүзеге асырылады

Жетісу облысы қоғамдық даму басқармасының тапсырысы аясында өңірде «Студенттік және мектептік өзін-өзі басқаруды дамыту жөніндегі іс-шаралар кешені» жобасы іске асырылмақ. Қаржыландыру көлемі 22 млн. теңге, ал оған қамтылатын жастар саны
Жетісу облысы

Жетісу облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына тексеріс жүргізілуде

Қаржы мониторинг Агенттігінің нұсқаулығына сәйкес, Жетісу облысы экономикалық тергеп-тексеру  департаментімен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларға тұрақты түрде талдау жұмыстары жүргізілуде. Ақпаратпен облыстық Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің мамандары бөлісіп, БАҚ өкілдерінің сауалдарына
Қоғам

Қаскелеңде қоқыс қыркүйектен бастап шығарылмаған: қала әкімі ескерту алды

Бұл туралы аудандық AMANAT партиясы Партиялық бақылау комиссия отырысында айтылды. Қарасай аданының орталығы қыркүйектен бері қоқыстан тазартылмаған. Ал мұнда 80 мың халық тұрады. «Қаскелеңде қоқыс шығарылмағалы бірнеше айдың жүзі болды.