Жетісу облысыҚоғам

Жетісу облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына тексеріс жүргізілуде

Қаржы мониторинг Агенттігінің нұсқаулығына сәйкес, Жетісу облысы экономикалық тергеп-тексеру  департаментімен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларға тұрақты түрде талдау жұмыстары жүргізілуде. Ақпаратпен облыстық Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің мамандары бөлісіп, БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап берді.

Спикерлер брифинг барысында өндірушіден бастап тұтынушыға сатылатын, сауда орталықтарының арасындағы тізбек анықталып, олардың өзара есептесу кезінде қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіпті бұзуды болдырмау қатаң бақылауда екенін атап өтті.

«Жосықсыз делдалдарды анықтау бойынша жұмыстың алгоритмі сауда министрлігімен бекітілген. Алгоритмге сәйкес, кірістер Департаменті ЭТТД электронды шот фактураларды жолдайды. Біздің тарапымыздан ҚҚС есебінде тұрған және ӘМАТ саудагері болып табылатын барлық кәсіпорындарға талдау жасалады. Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 204-4 бабына сәйкес сауда үсемесі 15% асқан фактілер анықталған жағдайда құзырлы органға жіберіледі», — деді департамент басшысының екінші орынбасары.

Осылайша сүт өнімдері, 1 сұрыпты жұмыртқа, ұн, тауық еті және көкөніс өнімдеріне 15% үстемені асырған фактілерге тиісті шара қолдану үшін, Жетісу облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқтарын қорғау департаментіне жолданады. Нәтижесінде, 10 делдал әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Департамент өкілдері қандай да бір экономикалық құқық бұзушылықтар анықталған жағдайда онлайн форматта қалай хабарлауға болатынын түсіндірді. Ол үшін қазіргі уақытта арнайы мессенджерлер халыққа онлайн форматта қызмет көрсетеді.

«Қаржы мониторингі агенттігімен бірлесіп AFM Insider телеграм боты іске қосылды. Әлеуметтік тауарлар тізімі бойынша өнім бағасы көтерілген жағдайда кез келген тұлға осы қосымша арқылы өзінің арыз-шағымын білдіре алады, — деп жауап берді Ербол Құрманбаев.

Related Posts

Қоғам

Талдықорғанда жаңадан мектептер салынбақ

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру шеңберінде 2023-2025 жылдары Талдықорған қаласында 3600 орынға есептелген 3 мектеп салу жоспарланған. Қазір мектеп тапшылығын сезініп отырған Көктал шағын ауданының тұрғындары үшін 1200 орындық
Қоғам

Қаскелеңде қаңғыған иттер тұрғындарды мезі етуде

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, «AMANAT» фракциясының мүшелері Жанарбек Әшімжанов, Мақсат Толықбай, Максим Рожин AMANAT партиясының Қарасай аудандық филиалында қоғамдық қабылдау жүргізді. Қаскелең тұрғындары соңғы уақытта көшеде еркін жүріп-тұрудан қалған. Халық
Қоғам

Жетісу облысында 11 мыңға жуық адам қызылшаға қарсы қосымша жаппай иммундалды

Бүгінде қызылша ауруымен сырқаттанушылар саны өсіп келеді. Жетісу облысында жыл басынан, 556 жағдай тіркеліп, оның 381-і расталған. Бұл туралы Жетісу облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Асхат Чарапиев журналистермен өткен баспасөз
Жетісу облысы

ҰЛЫҚТЫ ҰРПАҚТЫҢ БОЛАШАҒЫ ҮШІН ТАҢДАУ ЖАСАДЫМ

Мемлекет басшысы Қасым-ЖомартТоқаев биылғы Жолдауында «Қазақстан – әлемдегі ең ірі уран өндіруші мемлекет. Ендеше, өз жерімізде атом стансасын салуға әбден қақымыз бар» деп атап өтті. Бұған дейін Мемлекет басшысы халыққа