Жетісу облысыҚоғам

Жетісу облысында шомылу маусымына дайындық пысықталды

1 маусымнан бастап елімізде шомылу маусымы басталады. Осы тұста Жетісу облысының су айдындарында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі негізгі іс-шаралар жоспары әзірленді. Жетісу облысы ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері Бағдат Тыныбек судағы жазатайым оқиғалардың алдын алуға бағытталған кешенді дайындық және алдын алу жұмыстары туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде хабарлады.

«Профилактикалық іс-шараларды өткізу үшін үгіт-тарату материалдарының 15 мың данасы дайындалды. Қосымша жергілікті бюджеттен 36 мың дана сатып алуға 1 млн. 305 мың теңге бөлінді. Демалыс базалары мен балалар лагерлері  орналасқан су айдындары учаскесінің түбін сүңгуірлік тексерудің тиісті актілерін толтыра отырып, тексеру және тазалау жұмыстары жүргізілуде», — деп атап өтті спикер.

Сондай-ақ, шомылу маусымында Департаменттің құтқару бөлімшелерінің  қосымша 3 мобильді бекетімен кезекшілік ұйымдастырылады, коммуналдық жағажайларда жергілікті атқарушы органдардан 1 құтқару бекеті, 4 қоғамдық қауіпсіздік бекеті және 4 медициналық пункт құрылады.

Бұл шаралар Жетісу облысының су айдындарында демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және шомылу маусымы кезеңінде төтенше жағдайлардың туындау қаупін азайтуға бағытталған.

Related Posts

Қоғам

AMANAT: Алматы облысында 9 мыңға жуық азамат қаржылық сауаттылығын арттырды

Қаржылық сауаттылық деңгейін арттырмай, ауыл тұрғындарының әл-ауқатын жақсарту мүмкін емес. Осылай деген AMANAT партиясы Halyk Bank-пен бірге мамыр айында «Қарызсыз қоғам» жобасын бастады. Оның аясында, бір ғана Алматы облысының мыңдаған
Жетісу облысы

ӨЗГЕ ҰЛТ ӨКІЛДЕРІ БЕЛСЕНДІ ДАУЫС БЕРУДЕ

Бескөл ауылдық округі, Бұлақты ауылындағы №59 дауыс беру учаскесінде Удмурт елінің өкілі Ирина Дряхлова ел болашағы үшін дауыс берді. Ирина Дряхлова референдум болашағымыз үшін маңызды екенін жеткізді. – Референдумда халықтың
Жетісу облысы

БАҚ үшін әлеуметтік жоба: Жетісу журналистері үшін жаңа перспективалар

Жетісу облысында Бейсен Құранбек атындағы журналистер мектебін құру бойынша әлеуметтік жоба іске асырылды. Жоба журналистердің, баспасөз қызметі қызметкерлерінің және студенттердің кәсіби дағдыларын арттыруға, сондай-ақ БАҚ, азаматтық қоғам және мемлекеттік органдар
Жетісу облысы

Емханаға тіркеу науқаны басталды

1-ші қыркүйектен бастап елімізде емханаға тіркелу науқаны басталады. Тұрғындар медициналық қызмет алу үшін емхананы өз еркімен таңдауға мүмкіндігі бар.  Науқан 1-ші қарашаға дейін жалғаспақ. Азаматтар өз аумағындағы медициналық мекемеден бөлек,