Жетісу облысыМедицина

Емханаға тіркеу науқаны басталды

1-ші қыркүйектен бастап елімізде емханаға тіркелу науқаны басталады. Тұрғындар медициналық қызмет алу үшін емхананы өз еркімен таңдауға мүмкіндігі бар.  Науқан 1-ші қарашаға дейін жалғаспақ.

Азаматтар өз аумағындағы медициналық мекемеден бөлек, өзі қалаған мемлекеттік және жекеменшік емханаларға да тіркеле алады. Тіркелу екі әдіспен жүзеге асады: Бірінші, азаматтар жеке электрондық цифрлық қолтаңбасымен Egov электронды веб-порталы арқылы тіркеле алады. Ал екінші әдіс бойынша кез-келген азамат өзі таңдаған емханаға барып тіркеледі. Бұл ретте, облыстағы барлық мед-ұйым азаматтарды қабылдауға әзір.

Атап айтсақ,  облыста  жалпы  саны 354 денсаулық сақтау мекемесі бар. Оның 307-сі – мемлекеттік, 47-сі  жеке. Талдықорған қаласы бойынша халыққа алғашқы медициналық-санитарлық  көмекті  облыс  аудандарында  2 мемлекеттік және 2 жеке емхана көрсетеді.

Айта кетейік, науқан кезінде барлығына бірдей емхана ауыстыру міндетті емес. Азаматтар өз клиникасының қызметіне көңілі толса ары қарай пайдалана беруге болады.

Related Posts

Жетісу облысы

NIS түлегінің Samsung-тағы жетістігі

Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің түлегі Санжар Шабданов Samsung Electronics-те мансап құруда. Назарбаев университетін бітіргеннен кейін ол Кореяның жетекші техникалық университетінде KAIST-те оқуын жалғастырды. Бүгінгі таңда Хвасон қаласындағы Оңтүстік Кореядағы
Жетісу облысы

Жетісу облысында сейсмикалық жаттығулар күшейтілді

Оқу-жаттығулар мен жақсы теориялық дайындық табиғи және техногендік сипаттағы апаттар кезінде өзіңізді және жақындарыңызды құтқарудың негізгі құрамдас бөлігі. Бір ай бұрын 23 қаңтарда болған жер сілкінісінен Алматы қаласы мен оған
Жетісу облысы

ЖАУАПТЫ ҚЫЗМЕТ

Биыл азаматтық қорғау органдарының құрылғанына 29 жыл. Төтенше жағдайлар саласында қызмет істейтін мамандардың үнемі қауіпке бастарын тігіп жүретіні белгілі. Жетісу облысында құтқарушылар жыл басынан бері 200-ге жуық жанды түрлі апаттан
Жетісу облысы

2024 жылы Жетісу облысында 202 км автожол жөндеуді жоспарлап отыр

2023 жылдың қорытындысы бойынша облыста 198 шақырым жол жөнделді. Биылғы жылы 202 шақырымды жөндеу үшін Ұлттық  қордан  және жергілікті бюджеттен 20 млрд. теңге қаражат бөлінді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі