Жетісу облысыӨңірлер

Текеліде энергетиктер отбасы дауыс берді

Текелі қаласында тұратын бір әулеттегі энергетиктердің үш ұрпағы бүгінгі республикалық референдумда дауыс берді.
Евгений Валерьевич Голев пен оның ұлы Анатолий Евгеньевич Голев екеуі де «Текелийский энергокомплекс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде жұмыс істейді.
«Ұлым екеуміз №447 дауыс беру учаскесіне келіп дауыс бердік. Ұлымның түнгі ауысымнан шыққанын күтіп, бірге келдік. Әкем Валерий Андреевич те Текелі энергокешенінде жұмыс істеген. Қазір зейнеткер. Анам екеуі өз дауыс беру учаскелеріне барып, таңдауларын жасады. Біз Отанымыздың дамуына маңдай терімізбен үлес қосып жүрген жұмысшылар әулетіміз. Қазақстанның бүгінгіден гүлдене түскенін қалаймыз. Туған жерін сүйетін, құрметтейтін әр азамат осындай елдік істе белсенді болуға тиіс», – дейді Евгений Голев.

Related Posts

Жетісу облысы

Кәсіпкерлерді қолдау үшін бөлшек салық режимін енгізу талқыланды

Өңірлік коммуникациялар қызметі ақпараттық алаңында облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің камералдық мониторинг басшысы Ринат Жамаубаев бөлшек салықтың жаңа режимі тақырыбын қозғады. Оның айтуынша, Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында пандемиядан зардап шеккен салаларда
Жетісу облысы

Емханаға тіркеу науқаны басталды

1-ші қыркүйектен бастап елімізде емханаға тіркелу науқаны басталады. Тұрғындар медициналық қызмет алу үшін емхананы өз еркімен таңдауға мүмкіндігі бар.  Науқан 1-ші қарашаға дейін жалғаспақ. Азаматтар өз аумағындағы медициналық мекемеден бөлек,
Жетісу облысы

Жетісу облысында 415 қызметкердің құқығы қорғалды

2024 жылдың алғашқы жартыжылдығында еңбек инспекциясы басқармасы қызметкерлердің жазбаша өтініштері негізінде 25 тексеру жүргізіп, 28 заң бұзушылық анықтады. Бұл туралы БАҚ өкілдерімен кездесу барысында Жетісу облысы бойынша еңбек инспекциясы бойынша
Жетісу облысы

ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫ: Су шаруашылығы мамандарын оқыту көзделуде

Жетісу облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында «Қазсушар» РМК Жетісу облысы филиалының директоры Саят Құдайбергенов пен Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Балқаш-Алакөл бассейндік инспекциясы басшысының міндетін атқарушы Медет