Жаңалық

«AMANAT» партиясы Жібек жолы ауылында кептеліс пен қауіпті өткел мәселесін шешті

Қарасай ауданында жаңа айналма жол айрығы салынды. Бұл жоба Қарасай ауданының тұрғыны Зулхар Кулматанбетовтің өтініші негізінде қолға алынған болатын.

Зулхар Кулматанбетов бұл мәселені Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевтің қатысуымен өткен «AMANAT» партиясы Алматы облыстық филиалының қоғамдық қабылдауында көтерді. Тұрғынның өтінішін тыңдаған өңір басшысы мәселені шешуді назарға алатынын айтып, тиісті тапсырмалар берді.

Нәтижесінде, Жібек жолы ауылдық округінде айналма жол айрығы салынып, көптен күткен мәселе оң шешімін тапты. Ұзындығы 6 шақырымды құрайтын, төрт жолақты бұл автожол республикалық маңызы бар «Шамалған бекетін айналып өтіп, РФ шекарасы (Екатеринбургке) – Алматы» бағытындағы көлік инфрақұрылымын жаңарту жобасы аясында жүзеге асырылды. Айналма жол айрығы «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының ықпалымен, Мемлекет басшысының Жолдауын жүзеге асыру аясында іске қосылды.

«Бұрын бұл өткелде көліктер ұзын-сонар кезекте тұрып, сағаттап күтуге мәжбүр болатынбыз. Енді айналма жолдың арқасында уақыт үнемделіп, қозғалыс қауіпсіздігі де артты. Біз үшін өте маңызды мәселенің осылай жылдам шешімін тапқанына ризамыз. Бұл үшін облыс басшылығы мен «AMANAT» партиясына алғысымыз шексіз», – деді Зулхар Кулматанбетов.

Айта кету керек, бұл жоба арқылы «Орталық-Оңтүстік» бағыты бойынша Астана-Қарағанды, Балқаш-Алматы арасындағы тас жолдарды жалғап, көлік қозғалысын жеңілдету көзделген. Жолдың салынуы тоғыз жолдың торабы саналатын Жібек жолы ауылындағы кептелістерді жойып, қауіпсіз әрі ыңғайлы қозғалысты қамтамасыз етті.

Related Posts

Жаңалық

Алматы облысында алғаш қолқа қақпағын транскатетер арқылы имплантациялау жасалды

Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасына 1938 жылы туған науқас кеуде тұсының ауырсынуы, ентігу, ісіну, бас айналу сияқты шағымдармен түсті. Дәрігерлер егде жастағы науқасты тексеріп, «аорта қақпағының сыни стенозы» деген диагноз қойды.
Жаңалық

Алматы облысында шомылу маусымындағы адам өлімі 4 есе төмендеген

1 маусымнан бастап өңірде шомылу маусымы басталғалы департамент базасында 36 құтқарушы даярланды. Бұл туралы ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Ералы Разакулов баспасөз мәслихатында баяндады. Спикердің айтуынша, көбіне судағы оқыс жағдайлар
Жаңалық

Қонаевта алғаш рет МӘМС есебінен алдыңғы қабырға грыжасы ауруын емдеу бойынша ота жасалды

Қазірде науқастың жағдайы тұрақты. Дәрігерлердің бақылауында. Отаны хирургия бөлімінің білікті мамандары жасады.  49 жастағы Дмитрий Литвинов қалалық көпсалалы аурхана ішқұрылысының ауырсынуына шағымданып, өте ауыр жағдайда түскен. Науқасқа тексеріс жүргізіп, нәтижесінде
Жаңалық

Алматы облысында ұялы байланыс пен интернеттің сапасын арттыру шаралары күшейтілуде

Тұтынылатын трафик көлемінің ұлғайып, интернет сапасының төмендеуіне байланысты тұрғындардан шағым түсетіні белгілі. Бұл мәселені шешу үшін байланыс операторларының базалық станцияларын тұрақты негізде ұлғайтып, жаңа желілер салу қажеттілігі туралы Өңірлік коммуникациялар