Жаңалық

Кене энцефалиті

Кене энцефалиті – вируспен шақырылатын, бас миының және жұлынның зақымдалуымен өтетін табиғи-ошақтық ауру.

Жетісу облысының Ақсу, Алакөл, Ескелді, Кербұлақ, Сарқан аудандары мен Талдықорған, Текелі қалалары кене энцефалитінен эндемиялық аймаққа жатады. Облыста жыл сайын кене энцефалитінің 3-5 жағдайы тіркеледі.

Кене энцефалитінің себептері: Аурудың қоздырғышы флавивирус (Flavivirus) туыстастығына жатады. Вирустың ерекшелігі залалсыздандыру заттарына, ультракүлгін сәулесіне төзімсіз, бірақ төмен температурада ұзақ уақыт сақталады. Вирус адамнан басқа, жабайы және үй жануарларына, соның ішінде сиыр, ешкі сияқты жануарларға жұғуы мүмкін. Сондықтан жұқпа кене шаққан кезде, кенені басып жаншыған кезде және термиялық өңдеуден өтпеген ауру малдың сүт және сүт өнімдерін пайдаланған кезінде жұғады. Кененің адам терісінде болу уақыты ұзарған сайын, аурудың туындау қаупі жоғарылайды. Сырқаттанушылықтың маусымдылық кезеңі көктем және күз мезгілдеріне келеді, табиғатта кене саны көбейiп, олардың белсендiлiгi арта бастайды. Кене энцефалитінің вирусын жұқтыру орманда, саябақта, табиғат аясында демалу кездерінде орын алуы мүмкін.

Клиникалық белгілері: Ауру кенеттен басталғандықтан науқас адам ауырған уақытын дәл айтып бере алады. Бастапқы көріністері тұмауға ұқсас болады. Дене қызуының көтерілуіне 3-4 күндері  бастың тұрақты қатты ауыруы, құсу белгілері қосылады.

Кене энцефалитінің асқынулары: Бас миының зақымдалуына орай, сырқаттанушылық өте ауыр түрде өтеді.  Науқаста әр түрлі дәрежедегі кома дамып, сырқаттың  2-4 күнінде 20-30% жағдайда өлім жағдайымен аяқталуы мүмкін. Бас миының зақымдалуынан қитарлық пайда болады, жұтыну  қиындап, сөйлеу қабілеті бұзылады, аяқ-қолдары мен мойын  бұлшық еттерi жансызданады.

Сырқаттанушылықтың маусымдылық кезеңіне қарай, аурудың алдын алу мақсатында сәуір айынан бастап кенелерге қарсы өңдеу жұмыстары жүргізіледі.

Кене энцефалитінің алдын алу шаралары:

1) Тұрғындардың белгілі бір топтарын кенеге қарсы иммундаумен қамту. Иммундау кене энцефалитінен қолайсыз аймақта тұратын және жұмыс жасауға немесе демалуға баратын адамдарға жүргізіледі.

2) Кене шаққан адамдарға арнайы кене энцефалитіне қарсы иммуноглобулин енгізу. Кене шаққан күннен бастап 3 күн ішінде жүргізген тиімді.

3)  Спецификалық емес профилактикасы: бұл кенелерге жағымсыз иіс туғызатын репеленттер мен аэрозольдарды қолдану; арнайы киім кию, табиғат аясына шыққанда шалбарды шұлықтың ішіне кіргізіп, үстіне жең шеті резеңкеленген ұзын жеңді киім кию; табиғат аясына шыққанда ең маңыздысы өзінің, бір-бірлерінің үстілерін жиі –жиі қарап, тексеру; қайнатылған сүтті қолдану қажет.

Кене шаққан кезде қандай шара қолдану керек? Кене шаққан орнын қасып тастауға және кенені жаншып тастауға, кенені бірден жұлып алуға болмайды, кенені пинцет және басқа затпен алуға әрекет жасамаңыз. Мүмкіндігінше дәрігер-хирургқа жүгінген жөн. Ондай мүмкіндік болмаса жіпті кененің тұмсығына тақап байлап, тұмсықты кесіп алмас үшін әрі-бері ырғап шығару керек. Жіп өте жұқа болмауы қажет. Кенені абайлап алу керек, кененің басы мен тұмсығы тері астында қалып қалса, оны алу қиынға соғады. Тез арада медициналық ұйымға кенеге қарсы иммуноглобулин алуға барған жөн.

Есте сақтаңыз, Сіздің денсаулығыңыз өз қолыңызда!

Related Posts

Жаңалық

Алматы облысында тамағына сүйек тұрып қалған нәресте құтқарылды

Алматы облыстық балалар клиникалық ауруханасына 1 жастағы бала тамағына бөгде зат тұрып қалуынан түскен. Анасының айтуынша, бала үйінде тамақ ішіп отырған кезінде,  тамағына сүйек тұрып қалған. Нәресте қабылдау бөлімінде бір
Жаңалық

Алматы облыстық мәслихатындағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының отырысы өтті

Облыстық мәслихатта «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының отырысы өтті. Жиынды «AMANAT» партиясы облыстық филиалының төрағасы, депутаттық фракция жетекшісі Қуат Байғожаев ашып, отырыс партиялық бақылау комиссиясының жиналысымен бірлескен форматта өтетінін, өйткені күн
Жаңалық

Алматы облысында алғаш қолқа қақпағын транскатетер арқылы имплантациялау жасалды

Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасына 1938 жылы туған науқас кеуде тұсының ауырсынуы, ентігу, ісіну, бас айналу сияқты шағымдармен түсті. Дәрігерлер егде жастағы науқасты тексеріп, «аорта қақпағының сыни стенозы» деген диагноз қойды.
Жаңалық

Алматы облысы: су айдындарындағы су көлемі бақылауда

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында вегетациялық кезеңге дайындық туралы талқыланды. Қазсушар РМК-ның Д. Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналы филиалының директоры Мейрам Арыстановтың айтуынша, аталмыш филиал өңірдегі 5 ауданға суармалы