Жетісу облысыҚоғам

Жетісуда МӘМС жүйесі бойынша 568 мың азаматтың денсаулығы сақтандырылған

Жетісу облысында тұратын 698 мың адамның 568 мыңы МӘМС жүйесінде сақтандырылған. Өздеріңіз білетіндей, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басты міндеті – пациенттердің құқықтарын қорғау. Сондықтан қордың мамандары көрсетілетін қызметтердің сапасына үнемі мониторинг жүргізіп, сақтандырылған азаматтардың туындаған мәселелерін жедел шешуге тырысады. «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» Жетісу облысы бойынша филиалының директоры Иван Самойленко МӘМС жүйесі бойынша 2023 жылы атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы БАҚ өкілдерімен бөлісті.
«2023 жылы барлық жүргізілген мониторинг қорытындылары бойынша ақаулар анықталып, жалпы сомасы 889 млн. теңгеден астам экономикалық ықпал ету шаралары қолданылды. Ақаулардың ең көбі: «Көрсетілген медициналық көмектің/көрсетілетін қызметтер көлемін негізсіз арттыру» бойынша 84,8%-дан астам болып белгіленді. Сондай-ақ, «Денсаулық сақтау саласындағы стандарттардан, ережелерден/клиникалық хаттамалардан ауытқу». Барлық анықталған ақаулар 10%-ды құрады. Сондай-ақ, медициналық көмек көрсетудің расталмаған жағдайлары, яғни «қосып жазу» жиі анықталады. Айта кету керек, 2023 жылы мониторинг бөлімінің сарапшылары 29 млн.теңгеден астам сомаға 3 498 «қосып жазу» (іс жүзінде көрсетілмеген қызметтер) фактілерін анықтады», — деді Иван Самойленко.
Сонымен қатар, спикер мемлекет жарналарын бөлетін азаматтардың 15 санатын атап өтті. Бұл тізімге балалар, жұмыссыз ретінде тіркелген адамдар, жұмыс істемейтін жүкті әйелдер, мүгедектігі бар адамдар және т.б. Мемлекеттің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналары осы жылдың алғашқы бес жұмыс күні ішінде ҚР бюджет заңнамасында айқындалған тәртіппен ай сайын төленетінін атап өткен жөн.

Related Posts

Жетісу облысы

Кезекті ұтыс сертификаты табысталды

Үшарал қаласы №47 дауыс беру учаскесіне 100-ші болып дауыс берген Үшарал қаласының тұрғыны Эльмира Солтанбекова «Tobiko fast food» сертификатын ұтып алды. Ал Сымбат Тұрароваға дауыс бергені үшін «Tobiko» кафесінен арнайы
Жетісу облысы

Жетісу өңірінде ветеринария саласында заманауи технологиялар енгізілуде

Жетісу облысында 1010 ветеринар маман еңбек етуде, олардың 10-ы ветеринарлық станцияларда, ал 118-і ветеринарлық пункттерде қызмет атқарады. Бұл туралы Жетісу облысы Ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Дархан Әбілбаев Өңірлік коммуникациялар қызметінің
Жетісу облысы

2030 жылы Жетісу облысында толықтай газдандыру жұмысы өз мәресіне жетеді

2023 жылдың сәуір айында Жетісу облысының экологиялық проблемаларды кешенді шешу жөніндегі Жол картасы әзірленді. Бекітілген құжаттар бойынша қарастырылған 7 бағыттың өрбу жолын көрсету үшін өңірдегі журналистер үйіне Жетісу облысы экология