Жетісу облысыҚоғам

Жетісуда Наурыз мейрамы ерекше аталып өтеді

Биыл Наурыз мейрамын тойлау ерекше форматта өтеді. 14-23 наурыз аралығында еліміздің және облыстың барлық өңірлерінде Наурызнама өткізілмек. Бағдарлама әр күнге жоспарланған. Осындай ақпаратпен Б.Құранбек атындағы Журналистер үйінде Жетісу облысы әкімінің орынбасары Көлбаев Марлен Қапашұлы БАҚ өкілдерімен кездесуде бөлісті.
Биыл Наурыз мейрамының тарихын жаңғыртып, мазмұнын байытып жаңаша форматта өткізу көзделіп отыр. Осы жылы алғаш рет республика көлемінде алуан түрлі шаралармен 10 күн бойы аталып өтетін Ұлыстың Ұлы күні мерекесі – «Наурызнама» деп аталады.
«Наурыз — салт-дәстүрлер насихатталатын ұлық мереке. Жетісу облысында Ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесімен тұтастырып қалың жұрттан бата алу мақсатында «Тұсау кесер» тойын өткізбекші. Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні болып белгіленген 16 наурыз күні Талдықорғандағы Жастар спорт сарайында алғашқы тәй-тәй басқан 50 бүлдіршіннің тұсауы кесіледі», — деді Марлен Қапашұлы.
Мұндай ғұрыптың ауқымды рәсімі елімізде алғаш рет өткізіліп отырғанын атап өту керек. Одан бөлек білек көтерген батагөйлер бата беріп, келін түсіру жоралғылары жасалып, жұрт ұмыт бола бастаған ұлтымыздың өзге де салт-дәстүрлерімен танысып, тамашалайды.
Сондай-ақ, 21 наурызда Қытай-Қазақстан шекарасындағы «Қорғас» экономикалық аймағының аумағында этнофестиваль өтеді. Онда ұлттық ойындар, қазақ бұйымдары мен қолөнер бұйымдарының көрмелері таныстырылмақ.
21-22 наурыз күні тұрғындар мен қала қонақтарын сағат таңғы 10-нан түңгі 22.00-ге дейін этно-қалашықтар күтіп тұр. Одан бөлек, «Жастар» саябағынан Қ.Жалайыри даңғылы бойымен, Назарбаев даңғылы бойымен және орталық алаңға дейін түйешілер, салт аттылар, ат командалары және велосипедшілердің қатысуымен этнокеруен ұйымдастырылады. Ал іс-шараның соңы «Жастар» саябағында кешкі концерттік бағдарламаға ұласады.

Related Posts

Жетісу облысы

Күзде адам папилломавирусына қарсы вакцинация басталады

2024 жылы адам папилломавирусына қарсы вакцина Ұлттық вакцинация күнтізбесіне енгізілді. Бұл аурудан қорғаудың тиімді әдісі. Екпені Жетісу облысындағы 11-14 жасар 6000-ға жуық қыз балаға егу жоспарлануда. Шара осы жылдың күзінде
Жетісу облысы

Дүниежүзілік аутизм мәселесі туралы ақпарат тарату күні. Аутизм — үкім емес

2 сәуір – Дүниежүзілік аутизм туралы ақпаратты тарату күні. Бұл күн БҰҰ шешіміне сәйкес, 2008 жылдан бастап әлемде аутизммен ауыратын балалар мен ересектердің проблемаларына қоғам назарын аудару мақсатында Аутизм туралы
Жетісу облысы

Талдықорғанда шинкиокушинкай каратэдан әлем және Азия чемпионы Мерей Суюнов өз таңдауын жасады

Еліміздің айбынын әлемдік додаларда танытып жүрген даңқты жерлесіміз Мерей Суюнов қаламыздағы Талдықорған сервис және технология колледжінде орналасқан №390 дауыс беру учаскесіне келіп, кемел келешек үшін дауыс берді. «Бүгін мен үшін
Жетісу облысы

Жетісу облысының азаматтары былтыр 19 млрд. теңге әлеуметтік төлем алды

2005 жылдан бастап Қазақстанда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры атынан жұмыс істейтін азаматтар үшін әлеуметтік қамсыздандырудың қосымша деңгейін қамтамасыз ететін міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі енгізілді. Жүйенің қалыптасу жылдарында Жетісу облысы бойынша