Жетісу облысыҚұқық

Жетісу облысында 200-ден аса нашақор есепте тұр

Жыл басынан бері Жетісу облысында есірткі заттарының заңсыз айналымымен байланысты 145 құқық бұзушылық тіркелді

Оның 72-сі есірткі қылмысы ретінде жіктелген, оның ішінде 43 сату фактісі және аса ірі мөлшерде есірткі заттарын сақтаудың 12 фактісі бар. Өткен жылмен салыстырғанда есірткі қылмыстарының саны 23%-ға төмендеп, 72 жағдайға жетті. Бұл туралы облыстық полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының орынбасары Эмиль Шарменов мәлімдеді.

Жедел іс-шаралар нәтижесінде 692 кг есірткі тәркіленді. Оның 235 келісі марихуана, 66 келі синтетикалық есірткі және 385 келі қарасора. Екі есірткі лабораториясы таратылып, 14 адам, оның ішінде 5 кәмелетке толмағандар ұсталды. Тергеу қорытындысы бойынша сотқа 93 қылмыстық іс жіберіліп, 78 адам сотталды.

Атап өтейік, облыс бойынша есепте 230 нашақор тұр, олардың басым көпшілігі 18-29 жас аралығындағы жастар. Бір жыл ішінде ста-ционарлық емдеуден 68 пациент өтті, олардың 65-і ерікті түрде жүгінген.

Related Posts

Жетісу облысы

Текеліде энергетиктер отбасы дауыс берді

Текелі қаласында тұратын бір әулеттегі энергетиктердің үш ұрпағы бүгінгі республикалық референдумда дауыс берді. Евгений Валерьевич Голев пен оның ұлы Анатолий Евгеньевич Голев екеуі де «Текелийский энергокомплекс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде жұмыс
Жетісу облысы

Облыс әкімі 8 наурыз қарсаңында жергілікті мәслихаттардағы депутат әйелдермен кездесті

Бүгін облыс әкімі Бейбіт Исабаев Қазақстан республикасы мәслихаттарының 30 жылдығы аясында және Халықаралық әйелдер күні қарсаңында облыс әкімі Бейбіт Исабаев Жетісу облысының әр деңгейдегі мәслихаттардың әйел депутаттарымен кездесті. Оларды алдағы
Жетісу облысы

Жетісу облысында 59 медициналық нысан салу жоспарланып отыр

Жетісу облысының денсаулық сақтау басқармасында 2024 жылы «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыру жоспарлануда. Оның шеңберінде 8 ауданда 59 Денсаулық сақтау объектісі іске қосылмақ. Бұдан бөлек, үш нысанды
Жетісу облысы

«Miss Taldykorgan — 2024» сұлулық байқауының жеңімпазы Абдирзақ Көркем өз таңдауын жасады

Бүгін - еліміз үшін өте маңызды. Еліміздің болашағын қалыптастыратын маңызды іс-шара өтуде. Осындай ел тарихындағы маңызды кезеңінде «MissTaldykorgan - 2024» сұлулық байқауының жеңімпазы Абдирзақ Көркем де дауыс беру учаскесіне арнайы