Жетісу облысыСайлау

Кербұлақ ауданында өнеркәсіп өнімінің көлемі 31 млрд теңгеге жетті

Биыл Кербұлақ ауданына 23 млрд теңге инвестиция тартылды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 5%-ға артық. Кербұлақ ауданында 10 айының қорытындысы бойынша 3810 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі жұмыс істейді. Нәтижесінде 5565 адамды жұмыспен қамтылды.

Ауыл шаруашылығы өнімі көлемі 31 млрд 607 млн теңгені құрады. 2025 жылдың соңына дейін аймақтың 26 елді мекені табиғи газбен қамтамасыз етіледі.

Сонымен қатар, биыл дәнді дақылдар 97776,4 га жерге егілді. Егіс алаңы әртараптандырылды және заманауи техника пайдалана отырып, 877 га жерге қант қызылшасы егілді.

2024 жылы Сарыөзек ауылында сумен жабдықтау жүйесінің құрылысы басталды. Су құбыры жүйесін 178,6 км ұзындықта салуға 4,5 млрд теңге бөлінді. Сонымен қатар, Ақбастау, Тастыөзек, Қосақаш және Қазсу ауылдарына арналған сумен жабдықтау жобалары дайындалды. Осы жобалар 2025 жылғы республикалық бюджетке ұсынылды.

Қазіргі таңда аудан бойынша тұрғын үй алу үшін 1623 адам кезекте тұр. Азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін 60 пәтерлік 5 қабатты тұрғын үй пайдалануға берілді.

Related Posts

Жетісу облысы

Жетісу облысының аумақтық қорғаныс бригадасы келісімшарт бойынша әскери қызметке кандидаттарды қарсы алады

Өңірлік коммуникациялар қызметі ақпараттық алаңында келісімшарт бойынша әскери қызметке шақыру туралы баспасөз мәслихаты өтті. Жетісу облысы аумақтық қорғаныс бригадасының 99285 әскери бөлімінің командирі Бағлан Чегебаев пен әскери бөлім командирінің көмекшісі
Жетісу облысы

Текелі энергокешенінің жұмысшылары дауыс берді

Текелі қаласындағы № 449 дауыс беру учаскесінде «Текелі энергетикалық кешені» ЖШС 17 жұмысшысы бір мезгілде күндізгі ауысым кезінде өз таңдауларын жасады. «Біз ұжымымызбен референдумда таңдау жасауға келдік. Ел өмірінде маңызы
Жетісу облысы

Референдумға самокатпен келді

Талдықорғандық жастар референдум күні белсенділік танытты. Олар өздернің сайлау учаскелеріне самокатпен келіп таңдауларын жасады. Жаңашылдыққа жаны жақын жастардың бұл әрекеті көпті қызықтырды. –    Бүгін еліміз үшін маңызды күн. АЭС-тің салынуына
Жетісу облысы

Жетісу облысында жаңа су шаруашылығы нысандарын салу жоспарлануда

Облыста  жаңа  су шаруашылығы нысандарын салу, ирригациялық желілерді қалпына келтіру  және реконструкциялау жөнінде іс-шаралар қабылдау мәселелері көзделіп отыр. Атап  айтсақ,  Ақсу ауданында Биен өзеніндегі су қоймасының құрылысы, Ескелді ауданында «Балықты»