Жетісу облысыСайлау

Жетісу облысында мемлекеттік аудит нәтижесінде 1,4 млрд теңге қаржылық бұзушылық анықталды

Жетісу облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті 2024 жылдың алғашқы 10 айында белсенді жұмыс атқарып, мемлекеттік ресурстардың тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету және қаржылық заңдылықтардың сақталуын бақылау бойынша бірқатар маңызды шараларды жүзеге асырды. Бұл туралы Жетісу облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында Жетісу облысының Ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысының орынбасары Қуаныш Мұсаұлы баяндады.
2024 жылдың қаңтар-қазан айларында Жетісу облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті 82 аудиторлық тексеру жүргізді. Жалпы 11,4 млрд теңге бюджет қаражаты қамтылып, 1,4 млрд теңге қаржылық және 6,2 млрд теңге рәсімдік бұзушылықтар анықталды.
Анықталған қаржылық бұзушылықтардың 92,1 млн теңгесі бюджетке қайтарылып, 266,6 млн теңге қалпына келтірілді. Сонымен қатар, мемлекеттік сатып алулар бойынша 55 лотта 1,08 млрд теңгеге бұзушылықтар тіркелді.
Тәртіптік жауапкершілікке 66 лауазымды тұлға тартылып, 378 тұлғаға жалпы сомасы 44 млн теңге айыппұл салынды.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында аудиттің 24%-ы электрондық форматта жүргізілді. Бұл әдіс тексерушілер мен объектілер арасындағы байланыстарды азайтып, аудиттің ашықтығын қамтамасыз етті.
Жетісу облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті заңдылық пен ашықтықты қамтамасыз ету бойынша жұмысын жалғастыруда.

Related Posts

Жетісу облысы

БАҚ үшін әлеуметтік жоба: Жетісу журналистері үшін жаңа перспективалар

Жетісу облысында Бейсен Құранбек атындағы журналистер мектебін құру бойынша әлеуметтік жоба іске асырылды. Жоба журналистердің, баспасөз қызметі қызметкерлерінің және студенттердің кәсіби дағдыларын арттыруға, сондай-ақ БАҚ, азаматтық қоғам және мемлекеттік органдар
Жетісу облысы

Жетісу облысында қызылша ауруы бойынша тұрақтылық тенденциясы байқалады

Жетісу өңірінде қызылша ауруы бойынша тұрақтылық тенденциясы байқалады. Бұл туралы Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният атап өтті. Бүгінде облыста бұл сырқатқа шалдыққандар саны 593 адам. Ауа-тамшыларымен тарайтын жұқпалы
Жетісу облысы

Жетісу облысында 102 жастағы кейуана дауыс берді

12 құрсақ көтерген әже қарттығына қарамастан еліміздегі әр саяси оқиғада белсенділік танытады. Панфилов ауданы, Жаркент қаласының тұрғыны Зейнелхан Оспанова еліміз үшін аса маңызды күнде қаладағы дауыс беру учаскесіне өзі келіп,
Жетісу облысы

Күзгі әскерге шақыру науқаны басталды

1-ші қыркүйектен бастап күзгі әскерге шақыру науқаны басталды. Ол жыл соңына дейін жалғасады. Жетісу облысында 1000-ға жуық азаматты әскерге шақырту жоспарлануда. Олар ұлттық қауіпсіздік комитетінде, Шекара қызметінде, ІІМ, ТЖМ және