Жетісу облысыҚоғам

Жетісу облысында қызылша ауруы бойынша тұрақтылық тенденциясы байқалады

Жетісу өңірінде қызылша ауруы бойынша тұрақтылық тенденциясы байқалады. Бұл туралы Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният атап өтті.
Бүгінде облыста бұл сырқатқа шалдыққандар саны 593 адам. Ауа-тамшыларымен тарайтын жұқпалы жіті вирустың ең тиімді алдын алу жолы – ол вакцинация. Десе де аталған дертті жұқтырған өлке тұрғындарының 80 пайыздан астамы бұрын қызылшаға қарсы екпе алмаған. Жетісу облысындағы инфекцияның эпидемиологиялық жағдайы туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында Жетісу облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Чарапиев Асхат Сакенұлы жеткізді.
Жетісу облысында қызылшамен сырқаттану деңгейі әсіресе Талдықорған қаласы мен Алакөл және Панфилов аудандарында өршіп тұр. Осыған байланысты өлкедегі жұқпа деңгейін тұрақтандыру үшін бірқатар шаралар атқарылуда.
«Қосымша жаппай иммундау жұмыстары облыста 27 қарашадан бастап жүргізілуде. Атап айтсақ, 41034 адам (77,6%) қамтылды. Оның ішінде 6-10 айдағы балалар — 3924, 2-4 жастағылар – 27893 және медициналық қызметкерлер 3577, 18 жасқа дейінгілер — 5640», — дейді Асхат Чарапиев.
Жалпы қосымша жаппай иммундау жұмыстары облыста жүргізіліп жатыр. Алайда кейбір тұрғындар қызылша ауруының өршіп тұрғанына қарамастан иммундаудан үзілді-кесілді бас тартуда. Баяндама соңында спикеріміз жұқпаға қарсы вакцина жайында:
«Аты аталған жұқпаға қызамық және эпидемиялық паротитке қарсы комбинирленген үндістандық вакцина қолданылады. Шет елдік иммуннан қорқу еш негізсіз. Себебі ол Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен сертификатталған және Қазақстан Республикасында тіркелген. Құрамында тірі әлсіздендірілген вирустар бар, қоздырғыш ауру тудырмайтын және күшті иммунды жауап шақыратын бұндай тиімді препарат елімізде 2007 жылдан бері қолданылып келеді. Сондықтан аурудың алдын алу мақсатында екпе алуға шақырамыз», — деп сөзін қорытындылады.

Related Posts

Қоғам

Жетісу облысының электр желілері жаңартылмақ

Жетісу облысында 13,7 мың шақырым электр желілері мен 2,6 мың қосалқы станция бар. Десе де өңірдегі жарық көзімен жабдықтау  объектілерінің  тозуы  80%-дан асады. Әсіресе «ТАТЭК» АҚ-да – 87,2% жоғары көрсеткішті
Жетісу облысы

Жетісуда жүгері алқаптарында күзгі жиын-терін жұмыстары жүргізілуде

Жетісу облысының Панфилов ауданы жүгері дақылының өлкесі, облыстағы жүгерінің шамамен 74% осы аймаққа тиесілі, мұнда 2 мыңнан астам фермер жүгері өсірумен айналысады. Биыл ауданда 170 мың тонна жүгері жинау жоспарланған.
Жетісу облысы

Жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезеңі басталды

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда жалпыға бірдей декларациялаудың 3-ші кезеңі басталды. Бұл қадам заңды тұлғалар басшыларына, құрылтайшыларына, сондай-ақ, жеке кәсіпкерлер мен олардың жұбайларының қаржылық жағдайы туралы ақпараттың ашықтығы мен
Медицина

Құтырма – өлімге әкелетін ауру

Жыл сайын әлемде бұл аурудан 300 мыңға дейін адам мен миллионға жуық жануар өледі. Құтырма Қазақстан Республикасындағы ауыр аурулардың бірі болып табылады. Құтырма – аса қауіпті инфекциялық ауру, оның қоздырғышы