Жетісу облысыҚоғам

Абайлаңыз, жұқа мұз! Жетісу облысының су қоймаларындағы қауіпсіздік

Өңір өлкелерінде түрлі рекреациялық мүмкіндіктер беретін Алакөл және Балқаш көлдерінің жағалауларын қосқанда 43-тен астам ірі ашық су қоймалары бар. Аңшылық, қысқы балық аулау маусымы басталғалы Төтенше жағдайлар қызметінің мамандары полицияның, балық шаруашылығы инспекторларымен бірлесіп 1000-нан астам рейд жүргізді. Басты міндет – су қоймаларындағы жазатайым оқиғалар мен браконьерлердің алдын алу.
Осы жайында Бейсен Құранбек атындағы журналистер үйінде Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаменті азаматтық қорғау бөлімінің аға офицері капитан Бағдат Тыныбек пен облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Ескерту басқармасының аға инженері азаматтық қорғау аға лейтенанты Бақытжан Әділжанов баяндады.
«Облыстағы барлық білім ошақтарында «Қауіпсіз балық аулау», «Абайлаңыз, жұқа мұз!», «Су қоймаларындағы қауіпсіздік ережелері» тақырыптарында ақпараттандыру жұмыстарын жүргіздік. Білім басқармасымен бірлесіп, мектеп жасы балалар арасында түрлі байқаулар, викториналар, интерактивті сабақтар өткізіп, қауіпсіздік ережелері бойынша бейнематериалдар көрсетілді. Рейд барысында тұрғындарға су айдынында заңсыздыққа жол берілген болса ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңының 412 (су айдындарында қауiпсiздiк қағидаларын бұзу немесе орындамау) бабы бойынша жауапқа тартылатынын ескерттік. Ал 8 адамның жеке шоты шамамен 15 мың теңгеге азайғанын айта кеткен жөн. Бюджетке түскен айыппұлдың жалпы сомасы 120 750 теңгені құрады», — деді Бағдат Тыныбек.

Тәжірибесіз адам үшін қыс мезгілінде тілсіз жау саны су және мұзбен ғана шектелмейді. Сақтанбаған жан үшін әп-сәтте тау етегіне қар көшкіні төбеден төнуі мүмкін. Десе де аға лейтенант Бақытжан Әділжановтың айтуынша, өткен қыс мезгілінде облыста өздігінен қар көшкіні тіркелмеген. «Қазгидромет» РМК-ның барлық болжамдық деректері өңірдегі әрбір тұрғын мен өлке қонақтарының ұялы телефон нөміріне дереу SMS-хабарламалар жіберіледі. Ал заңды тұлғалар үшін – Darmen электронды қосымшасына ескерту хаттары жіберіледі.
Өңірлік коммуникациялар қызметі ақпараттық алаңының қонақтары тұрғындарды қаңтар айының 18-і мен 19-ына қараған түнгі православиелік эпифания мерекесінде сақ болуын сұрайды. Спикерлеріміз айтқандай, қауіпсіздік қаріптері алдағы күндері дайындалады. Олардың нақты орналасқан жерлері туралы ақпаратты шіркеулерден, әкімдіктерден және төтенше жағдайлар департаменті мен бөлімдерінен алуға болады. Крещение күндері Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері азаматтардың амандығын қамтамасыз етеді. Барлық бөлімшелер сақадай сай дайын, деп баяндаы келген спикерлер.

Related Posts

Жетісу облысы

Референдумда ауыл тұрғындары спорттық шараға қатысты

Алакөл ауданына қарасты Екіпнді ауылындағы дауыс беру учаскелері маңында тұрғындардың көңіл-күйін көтеру, және белсенділіктерін арттыру мақсатында спорттық ойындар ұйымдастырылды. Арқан тартыс, шахмат ойындарында ауыл тұрғындары өзара сайысқа түсті. Ал референдумда
Қоғам

Алматы облысында айрықша үлгідегі кітап орталығы ашылды

Оған Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Әбдірахым, партияның облыстық филиалының төрағасы Қуат Байғоджаев және зиялықауым өкілдері, қоғам белсенділері мен оқырмандар қатысты.  Мемлекет басшысы Түркістанда өткен Ұлттық құрылтайда өскелең ұрпақтың
Жетісу облысы

Қызылша. ЖРВИ. Ковид. Жетісу облысындағы эпидемиологиялық жағдай қандай?

Жетісу облысында қызылша бойынша жағдай тұрақталды. Облыстың бас санитарлық дәрігері Асхат Чарапиев осылай деп мәлімдеді. Егер өткен жылдың желтоқсан айында сырқаттанушылық 218 жағдай болса, биылғы жылы қаңтар айында 156-ға дейін
Жетісу облысы

ТАЛДЫҚОРҒАН ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ ДАУЫС БЕРДІ

Талдықорған қаласының әкімі Ернат Бәзіл елімізде АЭС салу бойынша республикалық референдум да өз таңдауын жасап, дауыс берді. «Бүгін еліміз үшін аса маңызды саяси оқиға. Елімізде АЭС салу бойынша жалпы халықтық референдум