Жетісу облысыҚоғам

Жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезеңі басталды

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда жалпыға бірдей декларациялаудың 3-ші кезеңі басталды. Бұл қадам заңды тұлғалар басшыларына, құрылтайшыларына, сондай-ақ, жеке кәсіпкерлер мен олардың жұбайларының қаржылық жағдайы туралы ақпараттың ашықтығы мен дәлдігін қамтамасыз етуге бағытталған. Жетісу облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында декларацияны уақытылы тапсыру тәртібі мен жауапкершілігі туралы Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Сапар Шайкенов мәлімдеді.
Барлық өтініштер 2024 жылдың 15 қыркүйегінен кешіктірілмей ұсынылуы керек. Бұл мерзімнің сақталуы міндетті және осы ережені бұзу айыппұлдар түріндегі құқықтық салдарға әкелетінін есте сақтау қажет.
«Ұсынылған деректердің сенімділігіне қатысты келіспеушілік немесе күмән туындаған жағдайда уәкілетті органдарға тікелей хабарласу ұсынылады. Мәселен, бағалы қағаздарға қатысты сұрақтар бойынша «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» АҚ-на 8 777 780 66 43 телефоны немесе ccmail@kacd.kz электрондық поштасы арқылы хабарласыңыз.
Үлестік қатысу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Индустрия және құрылыс министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетіне 8 (7172) 57 61 50, 57 64 79, 57 64 71 телефондары арқылы немесе «Е-Otinish» азаматтардың барлық өтініштерін қабылдаудың бірыңғай платформасы арқылы хабарласуларыңызды сұраймыз.
«Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны толтыру бойынша қадамдық нұсқаулық келесі сілтемелер бойынша орналастырылған:
1. https://youtu.be/A5vPs_y9DY0?feature=shared
2. https://youtu.be/33MzJR1DL6I?feature=shared
Ал, Декларацияны ұсыну тәсілдері:
* e-Salyk Azamat, eGov mobile, Halyk мобильді қосымшалары;
* eGov, moldir.qoldau.kz веб-порталы;
* cabinet.salyk.kz сайтындағы Салық төлеушінің кабинеті», — деп түсіндірді спикер.

Related Posts

Жетісу облысы

Жетісудағы меншікті басқару: ашықтық және нәтижелілік

Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында Жетісу облысының қаржы басқармасы басшысының орынбасары Бақтияр Қамзин коммуналдық меншікті басқару саласындағы жұмыс нәтижелерімен бөлісті. Спикердің айтуынша, объектілерді сенімгерлік басқаруға беру процесі ашық күйінде қалып,
Жетісу облысы

Қаратал ауданында туған күн иелері дауыс берді

Бүгін 61 жасқа толып жатқан Қаратал ауданы, Бәйшегір ауылының тұрғыны Сатай Серікбол Республикалық Референдумға өзінің сайлау учаскесіне келіп таңдауын жасады. Туған күн иесі бұған дейін бірнеше сайлауға қатысқан, бірақ бұл
Жетісу облысы

Жетісу облысында жаңа тұрғын үй бағдарламалары жүзеге асырылуда

Бүгін облыста «Жетісу жастары» жобасы бойынша тұрғын үй сатып алуға өтінімдерді қабылдау басталды. «Отбасы банк» АҚ мен облыс әкімдігінің бірлескен жобасы алғаш рет 2022 жылы іске асырылып 30-дан астам жас
Қоғам

Жетісу облысында «Visit Zhetysu — 2023»  форумы өтті

Жетісу облысының туризмін насихаттаушысы Visit Zhetysu орталығы ұйымдастыруымен туризмді дамытып,  туризм саласында еңбек етіп жүрген ұйымдар арасындағы қарым-қатынасты нығайту мақсатында «Visit Zhetysu - 2023»  форумы өтті. Аталған шара БАҚ өкілдерімен