Жаңалық

МӘМС шеңберінде азаматтардың қандай тобы тісін тегін емдете алады?

Шұғыл жағдайда стоматологиялық қызмет балаларға, жүкті әйелдерге, ҰОС ардагерлеріне, зейнеткерлерге, мүгедектерге, «Күмiс алқа» және «Алтын алқа» иелеріне, атаулы әлеуметтік көмек алушыларға, инфекциялық, әлеуметтік мәні бар және қоршаған ортаға қауіп төндіретін аурулармен ауыратын науқастарға, мүгедек балаға немесе бірінші топтағы мүгедекке күтім жасайтын жұмыс істемейтін адамдарға тегін.

«Жоспарлы түрде тек жеткіншектер мен екіқабат келіншектер ғана қабылданады. Алматы облысы орталығында мұндай мүмкіндік 2 медициналық мекемеде бар. Бірі – Қонаевтың орталығында орналасқан жекеменшік нысан. Мұнда жеңілдік санатындағыларға терапиялық және хирургиялық қызмет көрсетіліп жатыр. Былтыр 9 мыңға тарта тұрғын қамтылған. Қала тұрғындарынан бөлек, аймақтың өзге аудандарының да азаматтары келіп ем қабылдай алады», — дейді стоматолог-дәрігер Айгерім Таубаева.

Стоматологиялық көмек алу үшін учаскелік дәрігердің жолдамасы қажет емес, тіс емханасы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорымен шарт жасасқан болуы керек.

Related Posts

Жаңалық

Қандай жағдайда медициналық қызметкерді үйге шақыруға болады?

Міндетті әлеуметтік медициналық қоры Алматы облыстық филиалының өкілдері қандай жағдайда медицина мамандарын үйге шақыруға болатынын мәлімдеді. Айтуларынша, жедел жағдайлар немесе созылмалы аурулардың өршуі кезінде, егер сізде кенеттен және айқын органдардың
Жаңалық

Алматы облысы Мемлекеттік рәміздер күнін жоғары деңгейде атап өтті

Шара әнұранның шырқалуы мен мемлекеттік тудың салтанатты түрде көтерілуі мен облыс әкімі Марат Сұлтанғазиевтің ақжарма тілегімен басталды. «Қазақстан Республикасының рәміздері біздің тарихымызды, мәдениетімізді және ұлттық қадір-қасиетімізді еске салады. Мемлекеттік рәміздерімізде
Жаңалық

Алматы облысында «Alatau hub» жазғы лагері ашылады

Елімізде IT мамандарына сұраныс артуда. Сол себепті өңірдегі цифрлық технологиялар басқармасы IT қауымдастықты дамытуға ден қойған. Бұл туралы цифрлық технологиялар басқармасының цифрландыру және ақпараттық қауіпсіздік бөлімінің басшысы Олжас Артықбай мен