Жаңалық

Алматы облысы Мемлекеттік рәміздер күнін жоғары деңгейде атап өтті

Шара әнұранның шырқалуы мен мемлекеттік тудың салтанатты түрде көтерілуі мен облыс әкімі Марат Сұлтанғазиевтің ақжарма тілегімен басталды.

«Қазақстан Республикасының рәміздері біздің тарихымызды, мәдениетімізді және ұлттық қадір-қасиетімізді еске салады. Мемлекеттік рәміздерімізде бүкіл Қазақстан халқын біріктіретін, жалпыұлттық бірегейлігімізді нығайтатын құдіретті күш бар. Олар әрқашан жаңа жетістіктерге жету жолында бізге шабыт беріп, күш-қуатымыздың қайнар көзі болып қала береді», — деп құттықтады өңір басшысы.

Жиын «Құлансаз» фольклорлық-этнографиялық ансамблінің «Көк тудың желбірегені» атты патриоттық әнді орындауымен жалғасты. Ән жиналғандардың жүрегін тебірентіп және Отанға деген мақтаныш сезімін оятты.

Сонымен қатар, 30 байкерден тұратын мотоциклшілер шеруі өтті. Олар ел бірлігі мен күш-қуатын білдіретін Мемлекеттік туды Іле ауданынан бастап Қонаев қаласының орталық алаңына дейін желбіретіп жеткізді.

Іс-шара Қонаев қаласының кіреберісінен орталық алаңға дейінгі ретро көліктердің салтанатты шеруімен аяқталды. Қонаев қаласындағы ретро көлік салонының жетекшісі және меценат Мұрат Сіргебаев та шерудің ішінде болды. Түскі сағат 12:00-де 10 мыңнан астам облыс тұрғындары бірауыздан Қазақстан Республикасының Әнұранын шырқап, елжандылық пен ерекше күйге енді.

Салтанатты жиын өңір басшысының құттықтауымен аяқталды.

«Ардақты ағайын! Қадірлі жерлестер! Баршаңызды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мереке әрбір азаматтың жүрегіндегі Отансүйгіштік сезімін күшейтеді. Ту, Елтаңба және Әнұран – мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, басты символдар.
Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев: «Көк байрағымыз – мызғымас мемлекеттіліктің белгісі. Елтаңбамыз – азаттықтың айшықты көрінісі. Ал, Әнұранымыз – еркіндік пен елдіктің үні. Тәуелсіздіктің осы үш символы халқымызға ерекше рух береді», – деп, ұлттық нышандардың маңыздылығына ерекше тоқталған болатын. Тәуелсіздігіміздің тұмарына айналған рәміздерімізді қастерлеу, оларға құрметпен қарау – әрбір қазақстандықтың қасиетті парызы. Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық пен бақ-береке тілеймін. Өңіріміз өркендеп, еліміз гүлдене берсін!», — деп сөзін аяқтады Марат Сұлтанғазиев.

Айта кетейік, жалпы облыс бойынша 300-ден астам мерекелік іс-шара өтіп, 23.000-нан астам қатысушы жиналды. Облыстың әр ауданында ту көтеріліп, әнұран шырқалды.

Related Posts

Жаңалық

Алматы облысында МӘМС аясында бөлінген «Аңсаған сәби» квотасы 100 пайыз игерілді

Денсаулық  сақтау басқармасы басшысының орынбасары Лейла Серікбаеваның айтуынша, биыл өңірдегі 523  отбасыға осы бағдарлама игілігін көру мүмкіндігі берілген. Президент пәрмені сәбиді аңсап жүргендер талай отбасыға үміт сыйлағаны анық. Мәселен, 2022-2023
Жаңалық

Жетісуда меценат гемодиализ орталығын ашты

Жетісуда тағы бір гемодиализ орталығы іске қосылды. «Туған жерге туың тік» дегендей, Сарқан ауданы Қарауылтөбе ауылында туып-өскен азаматтың меценаттық жасауымен Сарқан аудандық аурухана базасында гемодиализ орталығы ашылды. Оған кәсіпкер 60
Жаңалық

Көршіміз үйінде 30 ит ұстайды – тұрғындар шағымы

Жиырма жыл бойы көршімізбен алысып келеміз. Алматы облысы Боралдай кентінің тұрғындары көпқабатты үйдің 1 бөлмелі пәтерінде 30-ға жуық ит асырап отырған көршісіне шағымданды, деп хабарлайды alataunews.kz Алматы арнасына сілтеме жасап. Көршілері Сергейдің
Жаңалық

Былтыр Алматы облысында 120 дан астам әйел жатыр мойын обырына шалдыққан

Жатыр мойны ісігі әйелдер арасында ең көп таралған онкологиялық аурулардың бірі. Маманның айтуынша, жатыр мойын ісігі жасарып келеді.Нақтырақ айтсақ, көбіне ісікке шалдыққандардың жас мөлшері 45-50 жастағы әйелдер.Ал қазіргі таңда 15-20