Жаңалық

Қарасай ауданында шешілмей жатқан мәселе көп – тұрғындар

Қаскелеңде қаңғыған иттер тұрғындарды мезі етуде

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, «AMANAT» фракциясының мүшелері Жанарбек Әшімжанов, Мақсат Толықбай, Максим Рожин AMANAT партиясының Қарасай аудандық филиалында қоғамдық қабылдау жүргізді.

Қаскелең тұрғындары соңғы уақытта көшеде еркін жүріп-тұрудан қалған. Халық қалаулыларының алдына көмек сұрай келген зейнеткер Сапар Иманғалиевтің айтуынша, көшеде адамнан гөрі қаңғыған ит көп.

«Көшенің бойы тола қаңғыған иттер. Кішкентай балаларға зияны тиіп кете ме деп қорқамын. Базар маңында 15-тен аса итті санап шықтым. Оларға бір шара қолданса екен деймін. Жоғары жаққа жеткізіп, осы мәселе шешімін тапса», – дейді зейнеткер.

Мәжілісмендердің айтуынша, еліміздің аймақтарынан бұралқы иттер туралы шағым үнемі түсіп тұрады. Қазіргі уақытта мәселе рес­публика көлемінде көтеріліп, мәжілісте қаралуда.

Ал Іргелі ауылдық округінің тұрғыны Нұржан Жұмағали Кемертоған ауылының өзекті мәселелерін атап өтті.

«Ауылда жол сапасы сын көтермейді. Небәрі 4,7 шақырым жолдың ой-шұңқыры көп. Жел сәл күш алса, жарық өшіп қалатын «дәстүр» пайда болды. Онымен қоса электр энергиясының бағасы бір киловатт үшін 35 теңгеге дейін жетеді. Бұл өте қымбат. Ал 5 мыңнан аса бала оқитын ауыл мектебінің толып кету мәселесі тағы да толғандырады», – дейді тұрғын.

Мәжіліс депутаттары жағдаймен жіті танысып, аталған мәселелердің оң шешілуіне күш салатындарын жеткізді.

Айта кету керек, өткен жылы Қарасай ауданында 6 мектеп ашылды. Ал Кемертоған ауылында үшауысымды мектептің мәселесін шешу үшін 2027 жылға дейін партияның сайлауалды бағдарламасы аясында 1500 орындықты 2 мектеп салу жоспарланып отыр.

Related Posts

Жаңалық

Балқаш ауданында ет өндірісі 107,2%-ға артты

Алматы облысындағы басты аудандардың бірі - Балқаш. 28 елді мекен мен 15 ауылдық округ кіретін аймақтың негізгі экономикалық драйвері - ауыл шаруашылығы. Ақ күрішімен атақты ауданда өткен жылы нақты көлем
Жаңалық

Алматы облысының Кәсіпкерлік және индустриялды-инновациялық даму басқармасының басшысы тағайындалды

Алматы облысы әкімінің өкімімен Айбол Айбекұлы Рақымбаев 2026 жылғы 19 маусымнан бастап Алматы облысының Кәсіпкерлік және индустриялды-инновациялық даму басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды. Айбол Айбекұлы 1991 жылы туған, білімі жоғары, 2012
Жаңалық

Алматы облысында Қапшағай жағалауы қоқыстан тазартылды

Оған «AMANAT» партиясының 50-ге жуық мүшелері мен жастар қанаты және еріктілер қатысты. Бұдан бөлек, партиялықтар тарихи-мәдени ескерткіштерінің аумағын тазарту және абаттандыруға жұмылды. Мәселен, Жамбыл ауданы Қарасу ауылында 70-ке жуық азамат